Мен, сен және нан (жалғасы бар)
Мен, сен және нан (жалғасы бар)

"Мен" - физикалық тұрғыдан қарасам белгілі бір шамадағы кеудемде жаным бар бір тіршілік иесімін. Сен ше? Сен де сондайсың. Ал, нан осы аталмыш тіршілік иесінің Алла өлшеп берген өмірінің тіршілік көзі. Енді осыларға жеке тоқталып өтуді ұйғардым. Мен өмірде жолым болған адаммын. Денім сау, байлықтың ортасында шалқып өстім, не киемін, не жеймін деген сұрақ мүлдем болмады. Нанның неше түрін жедім. Ал сен ше? Ылғи маған жәутеңдеп менің жейтін нанымнан дәмеленіп жүретін едің. Бір түйірін бөліп берсем сен оны үйіңдегіліерге, ауылдағыларға айтып мақтанасың. Ол сен. Ал мен үшін ол нан қызық емес-тін. Өйткені, алдымда басқа нандар толып жатыр. Жасым біразға таяса да мен әлі сол байлық астында рахаттанып өмір кешудемін. Ал сен сол нан тапқаныңа қуанып, менің берген ескі мәшинемді көзіңнің қарашығындай сақтап айдап жүрсің. Ал, мен жаңа шыққан мәшинені бірінші алып мінемін. Мен саған кедейсің десем үнсіз күлесің, өкпелегендей боласың, бірақ маған күнің түсіп тұрған соң амалсыз менің мазағыма қосыла күлесің. Өйткені бұл менмін. Наным жетерлік. Ал сен ол сенсің, нанға өмірлік жарымадың. Еліміздегі бар атақты адамдар біздің ауылға келсе менің үйіме келеді. Ал сен менің арқамда солардың қолына су құйып қызмет жасағаныңа бақыттысың. Ол атақты адамдарға да нан керек. Ол нанды мен бермесем сен бере алмайсың", - дегенім сол еді менің денеме ауыр соққы тиді, қарасам сен тұрсың қолыңда таяғың. Мен саған не болды, соншалықты таяқпен ұратындай?, деп жекіп орнымнан атып тұрдым. Ал сен таяқты ұстатып: - Тұр орныңнан тездетіп, қыр басында мал иесіз қалды., - дедің. Қолыңда нан, бір шеті тістелген. Содан бері осы түсті ешқашан көрмедім. Шіркін, рахат өмір екен ғой!.. (жалғасы бар)

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
2 жыл бұрын 587
0 пікір