Қайдасың ракты емдегіш "бауырым?"
Қайдасың ракты емдегіш "бауырым?"

Қайдасың "бауырым"? деп көзден ғайып болып кеткен таракан туралы айтпақ едім. Таракан 

Пенде болған соң тараканның да неше түрін көрдім. Олар да адамдар секілді батыр тұлғалы, бойына ішкен-жегені сіңбейтіндері, қыздай майысқандары, мүмкіндігі шектеулілері болатын. Асханаға түнде жәймен кіріп "іліш" шамын қосып қалсаң таракандар құдды класқа мұғалім кіріп келгендег шулап жатқан оқушылардың өз орындарына жүгіргеніндей әсерде болатын.

Не дейсің рак ауруына таптырмайтын ем ретінде де қарап таракандарға құрмет те көрсететінбіз. Тараканды бағатын арнайы фермалар бар екен қытайларда. жарты киләсі 20 доллар екен. Сүйек туберкулезіне өте таптырмайтын ем екен. Қытайда таракан жоғалып кетті десек түсінуге болады. Бірақ жылқы етінен басқаны жемейтін қазағымның үйінен неге кетіп қалды екен "бауырымыз"? 

Радиация, телефонның әсерәнен деген қәуесет те өтірік болып шықты. Өйткені дүниедегі ең төзімді, тіршілік көзі құрыса да ең соңында таракан "бауырымыз" кететінін ғалымдар дәлелдеген. 

Қайдасың "бауырым?" Сағындым ғой сені! 

... деп алыс-жақын бауырларымызды, туыстарымызды іздеп барып сәлем беріп жүрміз бе? Күйкілжің тіршілік деп бір-бірімізді іздеуден қалып, бай мен кедей болып бөлініп кеткенімізден соң қашып кетті ме екен таракан "бауырымыз"?

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
2 жыл бұрын 626
3 пікір
  • неткен уытты ой сатирамен сабақтасқан, талғам мен таным бір - дүниетанымы өзгеше келетін адамның қалам сілтесі де, қолтаңбасы да өзгеше келетіні бар. сәтті дүние екен
    2 жыл бұрын
  • Себептер, зерттеулер бәрі бәрі құпияны толық ашуға қауқарсыз.
    2 жыл бұрын
  • Әбділқадір ағамыз қарапайым сұрақты әдемі тәсілмен шебер жеткізіпті.
    2 жыл бұрын