Селфи, селфи және селфи
Селфи, селфи және селфи

Селфи жасау сәнге айналды. Қоғамдық құбылыс. Кеше "ислам мемлекеті" содырларының бірі селфи жасаймын деп АҚШ әскерінің қармағына ілініп жойқын соққы алды. Селфи жасаймын деп биік ғимаратқа шығып құлап ажалын тапты. Темір жолда селфи жасаймын деп локомотивтің астында қалды. Селфи жасаймын деп қоғамдық ортаны сыйлаудан қалып барамыз. Бүгін аялдамада бір қыздың ернін түртитіп селфи жасап жатқанын қарап еріксіз күліп тұрдым. Айналасында адамдар тұр-ау деген ой қыртына кірер емес. Кеудесін ашыңқырап қоя бастағанда мен кері бұрылып кетіп қалдым. Көзіммен күнә жасадым ба әлде басқа болды ма білмедім. Бірақ көңіл-күйім түсіп кеткені рас. Күліп тұрып жылап жібердім десем де болады. Мен не дей аламын осы кезде сол қызға? Естелікке суретке түсудің айыбы жоқ. Бірақ әр нәрсенің шегі болады емес пе. Этикасы болатын шығар. Әлде селфи еркіндік пен жасандылықтың басты қаруы болып кетті ме? Сіз не айтар едіңіз?

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
1 жыл бұрын 634
4 пікір
  • Дұрыс айтасыз...
    1 жыл бұрын
  • Адамдардың ермегі болып қалды, керек жерде не керек емес жерде жасалып жатыр бұл нәрсе! Әр нәрсенің пайдасын біліп соны қолдану керек деп ойлаймын!
    1 жыл бұрын
  • "Қоғамдық құбылыс "деп дәл айттыңыз, Абеке. Шынымен де адам шекті білуі тиіс , қызығушылықтын топастыққа өтпеуі тиіс. Осы жылы "Оскар" сыйлығын алған " Бёрдмэн " киносында мынадай бір цитата бар :"Я пытаюсь сделать что-то важное ,важное для себя ,а не для твоих циничных друзей ,чьи единственные амбиции - это собирать ЛАЙКИ".
    1 жыл бұрын