Қумашы
Қумашы

"Қумашы", "қуып кетпеші" - деген сөзді жиі еститін болдым. Бұл не сөз? Кім түсіндіре алады?

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
2 года назад 600
5 комментариев
  • Өзім де осы сөзді талай есітіп, ес-түссіз артына түсіп кетпе дегенді білдіретін шығар.
    2 года назад
  • "Қумашы" соңғы 20-30 жыл ішінде шыққан қазақша жаргон тілі болса керек. Әдеби тілмен айтқанда "лағып кеттің" дегендік болса керек.
    2 года назад
  • Бұл қумашы деген орыстың "Не гони" дегені ғой. Яғни, шектен шығып кетпе, артық кетіп қалма дегенді білдіреді. Бірақ құрдастар арасында ғана айтылады деген ойдамын.
    2 года назад
    • "...құрдастар арасында ғана айтылады..." осы сөзіңізді әдейі бөліп алдым. Себебі, біздің экранда (телеарналар) тек құрдастар арасында айтылатындар қаптап кетті. Бұл мәдениетіміздегі, руханятымыздағы күйзеліске ұшырағанның белгісі. "Қумашы" сөзі соның айғағы. Дұрыс сөйлеуді ұмытып барамыз дегенім еді айтпағым
      2 года назад
  • Дұрыс сөйлеу үшін, әдеби шығармаларды көп оқу керек.
    Ал шыны керек әдебиеттен мақұрым болып барамыз. Жастар деп, жастарға ысырып қоямыз, ал өзім де әдеби шығарманы қашан оқығаным есімде жоқ. Сол олқылықтың орнын толтыру керек болып жүр. Еске түсіргеніңіз жақсы болды.
    Өзіңіз айтқандай экранды да тазалау керек.
    2 года назад