Еріккеннен жасаған ба?
Еріккеннен жасаған ба?

Лофотен аралдарына "барғанымда" мынандай кереметті көріп дән риза болдым.

- Осылар мына көпірлерді еріккеннен салады-ау" дедім екінші әйеліме қарап. Екінші әйелге бәрібір болып тұр. Ол жас қой. Бірақ бірінші әйелім мынандай кереметке таңданысын жасырмады:

- Бізде де осындай болса-а!. Тірі кезімде көрсе-ем!,, - деп көзін алмай қарап тұрды.

Қайбіркүні республикалық телеарна жаңалығынан Солтүстік Қазақстан облысында бір ауыл мен екінші ауылға бару үшін өзеннен өту мәселесі қиямет қайым болғанын көзім шалып қалды. Журналистердің қырағы көзі болмаса шенеуніктер де елемес еді, біз білмес едік.

Құлап жатқан, бітпей қалған, су шайып кеткен көпірлерімізді есіме түсіріп норвегиялықтарға қызыға қарадым. Олар үшін қайдам, бірақ мен үшін бұл таңғажайып керемет болды.

P.S. Егер Норвегияға баратын болсаңыз қазақ тілін білгеніңіз жөн. Бұл олардың талабы. Норвег тілін білу міндетті емес. Қажет деп санасаңыз үйреніп алыңыз. Себебі олардан үйренетін нәрсе өте-е көп!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 3227
0 комментариев
О блоге