Еркек кінәлі ме немесе әйел кінәлі ме?
Еркек кінәлі ме немесе әйел кінәлі ме?

Мен бүгін ерекше оқиғаның куәсі болдым. Досыммен бірге жазғы  кафеде еліміздің жақын болашағы туралы әңгіме айтып отырғанбыз. Көрші столда ерлі зайыпты екі жұп та көңілді отырған-тын. Осы кезде біреуінің әйелі аяқастынан күйеуіне дүрсе қоя бергені бар ма. Бәріміз жалт қарап қалдық. Әйелі күйеуінің өткен шақтағы жіберген қателіктерін тізіп шығып жатты, кекетіп, мұқатып, барлық білетін былапыттарын түгендеп шықты. Келбеттеріне қарасам әжептеуір интеллегентер. Бірақ мынандай сөздерді естіген соң интеллегенттен ауылы алыс екенін түсіндім.

Айтпағым әрі сұрағым: Бұл біздің бүгінгі бейнеміз. Күйеуін жұрт көзінше абыройын айрандай етіп төгіп салғанда не ұтты? Кім кінәлі? Күйеуі сабырға шақырып жатыр. Әйелі нағыз жауын тапқандай көзі шатынап одан бетер былапыттан жіберуде. 

Олар кетті. Біз қалдық. Олар кеткен соң біздің де қайтқымызкелді. Және басқалар да орындарынан тұрып асығыс кетіп жатты.

Әйелдің "би" болған уақытында еркекпін дей алмаймыз-ау. "Еркек бас болғанымен, әйел мойын" екенін  мойындағанбыз. Неше жерден үй қожайынымын дегенменде әйеліңізбен ақылдасасыз ғой,соңында қабырғаңыздың ақылына сүйенесіз. Дінімізде не дейді? Кімнің оқығаны, тоқығаны болса ортаға салсаңыздар екен.

Аллаһ разы болсын!

Аллаһ Аса Мейірімді, Аса Рахымды! Аллаһу Акбар!

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 4923
4 комментария
  • Ия, еркек еркекпін деп намысқа қанша тырысқанымен, əйел мойын, еркек еріксіз мойындайды. Мойындағысы келмеседе мойындайды. Ол əйелдің жеңісі емес, бірақ, өкінішке орай. Əйел қалай бұрса, еркек солай жүреді. Жақсы жолға бұрса, жақсы жолда. Жаман жаққа бұрса, қораға кірді дей беріңіз мен деген еркегіңіз. Бұндай əйелдерде ер адамға тəн гормондар көбейіп кетеді де, ерін басқаруға, басынан сөз аырмауға дайын тұрады. Ондай əйелдің жанында тек əйелге тəн гормондар басым еркек жүре алады. Қысқа айтқанда, орындары ауысады. Жалпы қыздарымызды нағыз əйел етіп тəрбие бере алмауымызды жемісі. Ерді ер деп бағала, қиындығына сабыр ет, сонда, алдыңнан жұмақ шығады деген түсінікті кішкентайынан бойына сіңіріп, нағыз қазақтың болашағын дүниге əкелетін аналарды дайындауымыз керек. Осыған ел боп, қоғам боп , бойында намысы бар, қазақпын деген əрбір жан атсалысуымыз керек...
    9 лет назад
  • Өмірімде шешемнің әкеме қарсы шығып, бетінен алып, сөз қайтарғанын көмеппін. Аллаға шүкір, өзімнің де әйелім анамдай болды. Қателігімді кешіріп, алдымда кішірейіп тұрады. Алланың рахматынан үміттімін!
    9 лет назад
О блоге