"Көкек өз атын шақырады"
"Көкек өз атын шақырады"

Ілгеріде үлкен адамдарды көрген сайын сәлем беретін едік. Қәзір "бағана амандастық қой, сізге не болды?" деп өзіңді түзеуге көшті.

Өзге емес өз балаң өзекке тепкен заман туып келеді ма?

Астағфиралла!

Бүгінгі жастарымыз кешегі "90-шы жылдардағы аласапыранда" біздің еккен дәніміздің өнімі. Рэкеттің қоғамды билеп тұрғандағы дәніміздің өнімі. Біз соғыстан соңғы егілген дәннің өніміміз. Кітапқа,тарихқа, ғылымға аса зейін қойған кез екен ғой. Бүгінгінің еккен дәні ертең қандай болып шығады? Ислам бар иман жоқ болып өсіп жатқандай көрінеді маған сол дән. Өткенге салауат, болашаққа аманат. "Ислам жоқта иман күшті еді, ақша емес адамдық бірінші кезекте еді, қазір бәрі керісінше" дейді бір тоқсанға келген кейуана. Ол рас. Балаларыма айтсам ертегі айтқандаймын.

Бір үмітім бар, болашағымыз "қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған күнімізді" ұқыпты етіп күтсе деген.

Бүр күдігім бар, болашағымыз "дінімізді саясатқа айналдырып, өз бауырына қол жұмсап қала ма" деген.

Түңілгенім емес, Асан қайғының ұрпағымын ғой, десем де көргенім, көріп жүргенім мен білгенімнен түйіндеп ой тастап отырмын сіздерге құрметті жамағат. 

Сіз не дейсіз?

"Көкек болып өз атымды шақырып жатырмын ба?" Көке болып "тұлпарым" - болашағымды иманға шақырып жатырмын ба? 

Алланың сынағы ...

Тәуба!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 15989
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир