Нан, сен және мен (жалғасы бар)
|
Нан десе сен және мен ең қасиетті асты көз алдымызға елестетеміз. Осы нанның қадірі бар ма қазіргі уақытта? Ол туралы түсінігіміз қандай? Сен не дейсің? Мен не дейін?Оның қандай еңбекпен шыққанын айтудың өзі бөлек тақырып. Кез-келген адам, сен, қазақстандық азамат нан туралы айтқанда алдыңа жан салмайсың. Мен де сөйтемін. Яғни нанды қадірлеу керек, қастерлеу керек. нанды аяқ асты етпеу керек дейміз. Мен де айтамын, оны сен де айтасың. Өйткені мен де, сен де өте үлгілі жанбыз, бұл жағына келгенде. Ал "қарын тойғанда" ше? Ол кезде дастарханда жатқан нанның ұсақ түйірлерін "мусор" деп, дастарханның үсті таза емес деп әңгіме айтасың. Бірақ мен айта алмаймын. Өйткені әкем мен анам солай үйретті, тәрбиеледі.. Сені де солай үйретті, тәрбиеледі. Бірақ мен сол үйреткенді өмірде қолданып жүрмін, ал сен ұмытып кеттің. Өйткені сен қарын тойған соң ұмыттың нан қадірін. Өтірік деші. Дей алмайсың. Өйткені мен саған осыны ылғи айтып ескертемін. Ал сен осы айтқаным үшін мені "бишара" (бей шара).деп сыртымнан күңкілдейсің. Мен оны да білемін. Үйде болсын, қонақта болсын, ресторан, кафелер, тойханаларда болсын өзіңе, жаныңдағы туыс, дос-жаран, әріптестеріңе қарашы нанға деген құрметтерін көресің. Сонда білеің өзіңнің кім екеніңді, менің кім екенімді, біздің кім екенімізді. Өз басым дастархандағы нан "мусорын" ылғи теріп жеймін қай жерде отырсамда. Бірақ өте "мәдениетсіз" көірініп, талай "достарымнан" сөз естідім "аштан келдің бе?", "ұят емес пе?" дегенді. Сен әлгілердің айтқанын өз құлағыңмен естіп, сен олардан жиіркендің. Неге? Өйткені, соның алдында ғана сен қатты "қарның ашып" келгенде әйелің ас әзірлеп болғанша дастархан үстіндегі балаларыңнан қалған нан "мусорын" теріп жегеніңді көрдім. Ас болсын! Нан қадірін біду үшін бай не кедей болудың қажеті жоқ. Нан Алланың ризығы бізге берген! Ең негізгі азық!Нанның қандай "мусоры" болса да, Астахфиралла, ол нан, нан қиқымы - НАН.Сен енді нан қиқымын "мусор" деп айтпай теріп жейсің ғой? Алла разы болсын! Нан қиқымын шашпаңдар. Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар! (жалғасы бар)
3 комментария
-
Қайрат ЖолдыбайұлыRas. Wukirligimizden kupurligimiz artyp bara jatkan zaman-ay!10 лет назад
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫБасқа тамақтың барлық түрінен адам жалығады, бірақ наннан ешқашан жалқпайды. Нанның орны бір бөлек, керемет иә.10 лет назад
-
Nurqanat BaizaqБұрын нанның қоқымын теріп жеп қойыңдар бай боласыңдар деуші еді ата-әжелеріміз. Расында қазір нанның қоқымының орны мусор боп қалды. Өкінішіті!10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.