Қадір түнін жақсы өткіздік
Қадір түнін жақсы өткіздік

"Қадір түнін жақсы өткіздік!", - деген екі жігіттің әңгімесін құлағым шалып қалды, автобуста келе жатып. Автобустың ішінде жүрсеңіз еріксіз "өсектің" ортасына тап боласыз. Мейлі қала не қалама. Ал "наушник" кигендерге мүлдем бәрібір. Музыка тыңдап тұра береді, шет елдіктердің. Ал мен "наушниксіз" болғандықтан, "өсек" тыңдауыма  тура келеді. Мен секілді жолаушылар да жеткілікті әрине! Сонымен Қадір түнін жақсы өткізген жігіттердің әңгімесінен түсінгенім келесі жылғы Қадір түніне дейін "уақыт" бар екен...

Аллаһ Тағаладан сол бауырларыма әрбір түн Қадір түні болсыншы деп тілеп тұрдым!

Әмин! Аллаһу Акбар! 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 3914
2 комментария
О блоге