Құлшылықтың онай түрі
Құлшылықтың онай түрі

Құлшылықтың онай түрін айтайын ба? Онда тыңдаңыз. Ұялы телефоныңызға мен жіберіп тұратын смстерді он адамға таратсаңыз он минуттан соң сіз күтпеген жақсылыққа тап боласыз. Сенбейсіз бе? Бұл дәлелденген. Мысалы, кеше темір жол вокзалында бір танысым кездесіп қалды. Қайтарға ақшасы болмай тұр екен. Сұрап білгенім оның он мың теңгесі бар әмиянын ұрылар жымқырған. Мен содан оған әлгі смс құлшылықты "соткасына" тастадым да осыны он адамға жібер де он минут күт дедім. Ол шарасыз солай істеді. Айтқанымдай он минуттан соң оны полиция алып кетті. Алғашқыда қорықтық, Бірақ полиция өкілі оның ұрланған әмиянын қолына ұстатты. Ішінде он мың теңгесі бар екен. Ол қуанғанынан бес мыңына билет алып қалған бес мыңын полиция өкіліне ризашылығын білдіріп ұстатты. Сендіңіз бе? Сенбесеңіз сотка нөміріңізді беріңіз қазір смс құлшылық жіберемін.

Айтпақшы ол смс құлшылық сізге келіп те қойды, қараңызшы "соткаңызды"...

Сөз соңында: Бұл тек құлшылықтың оңай түрін серік еткендерге арналған. Намаз оқитындар оқымай-ақ қойсын.

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
10 лет назад 3884
2 комментария
О блоге