"Судың да сұрауы бар" деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші бір сәт. Сусыз өмір жоқ екенін теорияда керемет білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалды десем артық айтқаным емес.
Күнделікті ішетін кофе судың соры екен. Бір киолграмм кофе өнімін дайындау үшін жиырма екі мың литр су жұмсалады екен. Осыдан соң кофені ішкім келмей қалды.
Бір жеңіл автокөлігін шығаруға екі жүз литрдей кетеді дейді статистикада. Одан да көп кетпесе аз кетпесі анық.
Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен.
Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.
Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.
Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе? Ғұсыл алғанда ше?
Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңзді есептеп көрдіңіз бе?
Бір ауызашарға барып, астан соң қолымды жууға жуынбөлмеге кіре бергенде сарылдаған судың дыбысын естідім де еріксіз сол жаққа қарадым. Асхана бөлмесінде екі келіншек суды сарылдатып "рахаттана" ағызып ыдыс жуып тұр екен. Жүрегім сыздап кетті. Шыдай алмай қастарына барып суды ысырап етуге болмайтынын айттым. Жақтырмады. Маған ақыл айтты. Құдайдың суын аяйсыз ба не?, - деп жекіп те алды. "Өзіме де сол керек" дедім де "асығыс шаруаммен" үй иесіне рахметімді айтып кетіп қалдым. Үйге келгенше жаяу жүріп Алладан кешірім сұрап келдім өзім үшін де және суды ысырап еткендер үшін де. Бір жарым сағат жүріппін үйге дейін.
Әкем (Алла оған разы болсын) жаңбыр суын да жинап бақшамызға пайдаланатын еді. "Алланың алдына барғанда судың да сұрауы болады балам" дейтін.
Кешіре гөр, Уа Аллам!
Сен Ұлықсың!
Сен Аса Рахымдысың!
90- жылдары колонкадағы суды өшіріп тастаған кездері судың зардабын көргенбіз.