Әркім өзіне риза!
Әркім өзіне риза!

Адам алдына мақсат қояды да сол мақсатына жету үшін басын тасқа да ұрады. Бірақ сол мақсат қаншалықты маңызы бар, өзі үшін де қоғам үшін де? Қоғамда ұжымдық мақсат та бар. Енді сол өзіңіздің мақсат пен ұжымдық мақсат екеуі сәйкес келе ме? Адам арманы, мақсаты осы тұста келгенде үйлесімін таппай қатты қиналады. Яғни тағдырлар адасып жатады. Адам орнын таппай шатасып та қиналады. Әркім өзіне риза. Өзініңкін дұрыс санап қоғамдық мақсаттан ерекшелене түседі. ЕГЕР ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ БОЛСА ОНДА КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ.Ал қиялданып жүргендердің әрекеті бос әурешілік болып қалады. Ауызына Жаратушыны алған секілденгенмен іші өртеніп сабырсызданып кетеді. Мақсат та арман да сабырмен орындалады. Бірақ жан дүниең тазармайынша мақсатқа қадам басу бекершілік. 

Осының бәрі "құдайынан қорықпағандық" 

Бәрібір жеме-жемге келгенде адам өзіне риза күйі қалады. Әйтпесе неге қоғамда адамдар бір-бірін тыңдаудан қалып барады? Неге қарапайым сыйластық "қажеттілікпен" алмасып кетті? Өзін сыйламайды! Сондықтан да...

Сондықтан да... Әркім өзіне риза!

Астағфиралла!

Алла Ұлық!

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 3163
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир