Төсек мәселесі
Төсек мәселесі

Күйеуі разы болған күйде жан тапсырған әйел жаннаттық

Аллаһ Тағала ер мен әйелді бір-біріне көмекші, демеуші, өмірлерінің соңына дейінгі біріне-бірі жолдас болуды әмір ете отырып жаратты. Ері әйелін ренжітпеуді, әйелі ерін сыйлауды Ұлы Жаратушымыз тағы да қалапты. Олардан қаншама мың ұрпақты Жер бетіне таратты.

Ұлы сөздің ұяты жоқ демекші, ер мен әйелдің арасында некеленіп барып төсек қатынасы болуы заңды құбылыс. Кейбір ерлі-зайыптылар сол төсек қатынасын ерте бастан шектеп қояды екен. Мұндай құбылыс бір немесе екі баласы бар отауларда жиі кездеседі. Кейде мұндай жайтты үйленген үлкендеу кісілерден әңгімесінен байқап та қаламыз. Яғни 35-40 жастан асқанда көптеген ерлі-зайыптылар мүлдем төсек қатынасына бармайды.  Себебі, ері қаласа да әйелі қаламайды. Бұл мәселеге әйелі мән беріп қарамайды. Адамда нәпсі қалаулары өле-өлгенше сақталады. Негізі адамның нәпсісі оның соңғы демінің шығуымен тәмамдалады. Ал енді елуге келген ерлердің нәпсісі қай деңгейде екенін ойлай беріңіз. Ертедегі қазақ атамыздың Сексенбай, Тоқсанбайлары қайдан шықты дейсіз. Шын мәнінде еркектің жыныстық қалауы біршама кештеу сөнетін шыраққа ұқсайды. Ал әйел адамның қалауы жай толқынға ұқсайды. Еркек адамның нәпісісі асау толқын, сеңгір сел секілді.

Қуаты кеміген Аязбилеріміз өзінің әлін біледі ғой. Ал бойында қуаты тасыған ағаларымыз қайтпек?! Өзінің әйелі бола тұра өзгенің әйеліне көз салуы керек пе сонда?! Кейбір ағалар зинаға да барып жатады. Ондай әрекетке бару мүлде дұрыс емес әрине. Бірақ мұндай жағдайға жеңгелеріміз кінәлі екенін мойындау керек. Егер әйелі бағынып жатса да одан жалығып, өзгеге көз алартқан ағаларымызды хайуаннан да төменге санаймыз. Ал егер өз күйеуінен безініп, ерінің қалауын қанағаттандырмаған жеңгелерімізге біз емес, періштелер лағынет айтады. Оған дәлел сүйікті Пайғамбарымыздың айтқан сөзі бар. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ері төсекке шақырған уақытта келуден бас тартқан әйелге періштелер таң атқанға дейін лағынет айтады», – деген.Анығында әйел кісі үзірлі (мәжбүрлі) жағдайы болмаса, күйеуінің шақыруынан бас тартпауы тиіс. Бұл әйел кісінің күйеуі алдындағы жұбайлық басты міндеті болып табылады.

Екі қызы бар бір көршіміз бар еді. Өзінің гүрілдеген еркек даусы болғанымен, үйінде әйелі үстемдік жүргізетін. Сол кісі де бір сөзінде әйеліне бала туып беру ұсынысын айтқанмен, әйелі келіспегенін жеткізіпті. Онда да ол әңгімені әлгі кісінің өзі айтқан деп басқа көршіміз әзілдеп айтып қалды.  Міне тағы бір мысал. Әйтпесе, өздері әлі жас отаулардың қатарына жатады. Қазіргі қоғамдағы зина жасау, ажырасу т.б. мәселелер осындай жағдайлардан туындайды.

Төсек қатынасы ерлі-зайыптылардың арасында болатын міндетті құбылыс. Ал көбіне бұдан әйел кісілер бас тартып жатады. Сөйтіп өзінің ерінің ашуын оятады, көңілін суытады. Имам Бұхари және имам Ахмад риуаят еткен хадисте Әбу Һурайра (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін жеткізеді: «Егер күйеуі әйелін төсекке шақырып, әйелі келуден бас тартса және күйеуі оған ашуланып ұйықтаса, ол (әйелге) оянғанша періштелер лағнет айтады». Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйел адам қандай тірлікпен айналысып жатса да, өзінің жары шақырғанда барып қалауын орындау керектігін айтып былай дейді: «Егер ері әйелін қажеті үшін шақырса, тандырда болса да келсін». Бұл жерде ері әйелін төсекке шақыруына байланысты айтқан.

Мұсылман әйел – Аллаһ Тағаланың бұйрығына қарсы келмейтін барлық жағдайда күйеуін тыңдайтын жан. Умму Салама анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қайсыбір әйел жан тапсырып, тірі кезінде күйеуі оған разы болған болса, ол әйел жәннатқа кіреді», – деп сүйіншілеген (Тирмизи, әл-Хәким).

Исламда мұсылман үшін сауап есіктері толығымен ашылған. Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы да шариғат бойынша олар үшін сауап болып жазылады. Әбу Заррдан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына:  «Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа», – деген. Сахабалар: «О, Аллаһтың елшісі! Біздерден біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): «Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар», – деген.

Осы жерде айтарымыз, заңды некесі бар жұптардың қатынастары харам жолда болуы мүмкін емес. Сондықтан төсек қатынасынан бірінші кезекте әйел адам тартынбауы, қысылмауы керек. Қай жасқа келсе де. Қайта сауап екенін білу керек. Біз енді бұларды қазіргі кезде орын алып жатқан өзекті жайттарға жатқыздық. Сәл дөрекілеу айтсақ айып болмасын. Ұлы сөзде ұяттың жоқтығын тағы да естеріңізге саламыз.

Нұрқанат НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

http://www.namys.kz/?p=9732

 

  • Жыныстық қатынасқа қатысты дін не дейді?

Бүгінгі күні «Алаш айнасы» интернет-газетінен отбасылық қарым-қатынасқа қажетті көп мәселені оқитын болдық. Мен де бүгін аса көп ашық айтыла бермейтін жыныстық қатынас тақырыбының назар аударарлық бір тұсы – етеккір кезіндегі қатынас туралы сөз еткім келеді.


Негізі, мен бұрын ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы көп жайттар дінге қарама-қайшы шығар деп ойлайтынмын. Тіпті олардың тыр жалаңаш жатуы да оғаш болатын шығар деп ойладым. Кейін діни кітаптарды парақтап қарасам, дініміз төсек қатынасында көп мәселені қолдайды екен.

«Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені Аллаһ Тағаланың Өзі жәннаттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. («Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)» делінген діни әдебиетте. Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе, оның бәрі оң саналады. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.

Кезінде «Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстап, сипалауларына бола ма?» деген сұрақты имам Әбу Ханифадан оның шәкірті Әбу Юсуф сұраған екен. Сонда Имам Ағзам: «Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәлкім, олардың алар сауаптары арта түсер деп үміттенемін», - деп жауап берген («Муғнил-мухтаж», Хатиб әш-Шарини, 3-том, 144-бет).

Ғұламаларымыз тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінді келтірейік:

1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: 

«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды». 

2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек. 

3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы. Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімділік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн. Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: 

«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын.

4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы. Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.

5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы.

Ал енді «Дінде төсек қатынасын түрлі қалыпта (шалқалап, етпеттеп, жантайып, т.с.с.) жасауға рұқсат етіле ме?» деген сұраққа келсек, бұл мәселе сахабалардың кезінде де көтеріліпті. «Өйткені мединелік ансарлар әйелдерімен жантайған қалыпта ғана төсек қатынасына түсетін. Ал құрайыштықтар төсек қатынасынан түрлі қалыпта: алдыға қарап та, арт қарап та, шалқалап та ләззат алушы еді. Бірақ олар әйелдің артқы тесігінен істемейтін. Меккелік мұсылмандар Мединеге қоныс аударып келген соң олар жергілікті әйелдерге үйленді. Осы некелердің нәтижесінде кейбір мұсылман отбасында төсек қатынасындағы келіспеушілік пайда болды. Меккеліктер жыныстық қатынасты өздеріне үйреншікті қалыпта жүргізгісі келетін, ал Мединелік әйелдер бұған қарсы болды. Сол кезде Аллаһ Тағаладан: 

«Әйелдерің сендердің егіс алқаптарың; ендеше алқаптарыңа қалаған тұстарыңнан келіңдер» (Бақара, 223) деген аят түсті» деген жауап беріледі діни әдебиетте бұған қатысты. Демек, мұсылман әйелімен қалаған қалпында жыныстық қатынасқа түсе алады, тек артқы тесіктен сақтанса болғаны. Жоғарыда біз атағандай, медицинада ғана емес, ислам дінінде де етеккір кезіндегі жыныстық қатынасқа қатаң тыйым салынып, ол күнә болып есептеледі. Етеккір жағдайындағы әйел намаз оқу, ораза тұту, мешітке бару сияқты бірқатар ғибадаттарын тоқтатады. Солардың қатарында оның күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуіне де рұқсат етілмейді. Өйткені ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша етеккір мерзімінде ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынас жасаулары харам және мұндай әрекет, екі тараптық келісіммен болған жағдайда екеуін де бірдей күнәға батырады. «Аллаһ Тағала айтады: «Сенен етеккір жайлы сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір уақытында әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Расында Аллаһ тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады» (Бақара: 222) дейді дінде бұл туралы.

Ал етеккір кезінде төсек қатынасын жасап, күнәға барғандар не істеуі керек? Оған мынадай жауап бар: " Ғұламалардың барлығы мұндай кездерде әйелімен төсек қатынасына түскен ер кісінің ауыр күнәға бататыны жөнінде бірдей пікірге келген. Және бұл нәрсеге әйел өз ырқымен келіссе, күнәға ол да серік болады. Күнәнің бұл түрін жасаған мұсылманға шынайы тәубеге келу қажет. Бұған қосымша жағдайы көтерген сомада садақа шығарса, бұл оның күнәсінің жуылуына септігін тигізеді».

Орыс басылымдарында, әсіресе, түрлі-түсті журналдарда ешбір ұялмастан айтыла беретін «анальді секс» мәселесіне де біздің дін қалай қарайды? Ол туралы көптеген хадистерден оқуға болады. Мәселен, Ибн Мәжә мен Насаи, Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Аллаһ Қиямет күні әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркекке назар салмайды». Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (с.а.с.) тағы бір сөзінде: «Әйелінің артқы тесігінен жыныстық қатынас жасаған еркек лағнетке ұшыраған» дейді.


Бибіхан НҰРТАЕВА, Астана

Толығырақ: http://alashainasy.kz/otbasy/jyinyistyik-katyinaska-katyistyi-dn-ne-deyd-52715/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Бұл мақаланы ұсынып отырғанымның бір себебі бар. Қаншама уақыттан бері байқағаным, сайттарда туған жердің тарихы, әдебиеті, географиясынан гөрі, жұмбағы мол "осы" мәселені көп оқиды екен. Санамызды "Ананди" емес, санамызды ақша және не улағанын байқап отырған шығарсыздар. 

Алла кешіре гөр!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 78196
24 комментария
  • мал
    9 лет назад
    • Түсіндірсеңіз "мал" дегенді
      9 лет назад
    • Саттар аға, қатты кетіңіз. Əбдіқадырдың көтерген мəселесі мұсылманның білуі тиіс өзекті мəселенің бірі. Əбдіқадыр жаман нəрсе жазғанның өзінде, сіздің олай айтуыңыз деңгейіздің қаншалықты екенінен хабар береді. Мұсылман мұсылманға мейірімді болғаны жөн. Мұсылман білмей қалатын тақырып болмауы керек. Əбдіқадыр мен қолдаймын сізді. Ешқандай сөкеттігі жоқ
      9 лет назад
  • түсіндірудің қажеті де жоқ, әдепсіздік жақсылыө емес
    9 лет назад
  • Мал деп жазу әдептілікке жатады ма сонда? Кімді мал дедіңіз ашып айтсаңыз әйтпесе түісініксіз жағдайда отырмыз?
    9 лет назад
  • мен мал шығвр шығармын сіздің ойыңызша, бірақ мынадай таөырыптар болмауы керек
    9 лет назад
    • Мен бірнәнсе дедім бе? Қызбалыққа салынудан барып осындай түсініксіздік пайда болады, Ойыңызлы жеткізуге тырысыңыз "аттан, қазақ,аттан!" деп бізді дүрліктірмей Сәке! Жалпы "мал" сөзі мал шаруашылығында ғана қолданылатынын ұмытпаңыз!!))))
      9 лет назад
  • Менің жеке пікірім: мұндай тақырыптар ислами әдеппен, шектен шықпай айтылуға тиіс. Жастардың да оқып білгені дұрыс. Исламда қамтылмаған мәселе жоқ. Ал төсек қатынасы ерлі зайыптылар арасындағы, Алла құптаған сауапты іс. Онда неге жасырып жабуымыз керек. Сондықтан ағайындар көркем мінезділікпен, шайтанға ерік бермей, сабырға келейік.
    9 лет назад
  • Оу Саттар брат сизге не болды теп-тегис жерде шу шыгарып,кезинде бир ягудидин Салман Парсыга(р.а)мыскылдап:сендердин пайгамбарларын сендерге даретке де калай отыру керектигин уйрететин коринеди дегенде,Салман(р.а)ия Ол(с.а.с)бизге оны да уйретеди,-деген жокпа!?Ал агамыздын котерип отырган маселеси суйикти Пайгамбарымыз(с.а.с)айткан сауапты ис емеспе?жане де отбасындагы ерли зайыптылар катынасынын тиреги.
    9 лет назад
    • Агамыз сол сауапты исти калай минсиз аткаруга болады соны айтып отыр.Ол хадистеги:Раббымыз жаксы бир исти аткарсак оны толыгымен,минсиз аткарганды унатады,-дегенге келмейме
      9 лет назад
  • Намаз Исламнын тиреги болса,отбасындагы тосек катынасы отбасынын тиреги.
    9 лет назад
  • В Исламе нет запретных тем.
    9 лет назад
  • бәрібір әдепсіздік
    9 лет назад
  • Алла Субхана Таьала тореши сизге
    9 лет назад
  • Саттар ага сизге айтты емес па? Улы созде уяттык жок деп. Пайгамбарымыздын создеринин барлыгы акикат деп есептеймин. Жасыныз улкен копти корген кисиге уксайсыз. Бирак адамды малга тенегениниз оте дореки кисынсыз. Кунанын онан тогызы Тилден деген соз бар. Таяктын бир ушы пайгамбарымызга с.а.с. тиеди.
    9 лет назад
  • Саттар ага сiз катты кеттiнiз,КАЗАКСТАН РЕСПУПЛИКАСЫНЫН КОНСТИТУЦИЯСЫНДА 7-бабында жазылган,ар адамнын омiр суруге,ар-намысын коргауга,кукыгы бар,ал сiз болсаныз Абдiкадыр аганын намысына тиiп отырган жоксызба,дiнiмiзде бул созiнiздi колдамайды жане тиым салады,АЛЛАНЫН алдына барганда жауап бере аласызба,кияметте алдыныздан шыгып журмесiн,таубенiзге келiп,Абдiкадыр агадан кешiрiм сурап сауап жинагыз,Саттар ага.Алла разы болсын сiздерге
    9 лет назад
    • Алла разы болсын!
      9 лет назад
    • Ойынан гөрі тілі жылдам жеңгелеріміз секілді асығыс айтып қалғаны болар Саттар інімнің. Бұған қатысты бірнеше мақал, мәтелдер тілімнің ұшына келіп тұрғаны. Бірақ айта алмаймын. Ол деңгейге түсе алмаймын.
      Жалпы ауыз әдебиетінде "мал" сөзі берекенің, байлық пен молшылықтың белгісі. Ал"шал"сөзін халық арасында айтуға ұялған. Қазіргі таңда шалды көп айтады мақтан етіп "ей, шалым", "шал,қалайсың?" дегенсекілді. Ал мал сөзін санасыз, ұятсыз адамға айтады. Яғни отырған жерінде түкірсе, жаман сөздерді жиі қолданса "малсың ба не?" дейді. Егер мен сол ауыз әдебиетіндегі мал болсам онда болайын. Бірақ шал болмаймын! Алла қуат берсін! Әмин!
      Осы мәселе деңгейінде салыстыратын болсақ, онда Мен мал,Саттар шал деуге болады.
      Ел боламыз десек сөйлеу мәдениетімізді дамытайық. Саттар інім, "құлағыңызға алтын сырға" екінші рет мұндай сөздермен өз "беделіңізді" мүлдем жоғалтып алмаңыз. Мен кешіремін, Алла разылығы үшін!
      9 лет назад
  • Саламатсызба?Бул оз ойым.Бул жазылган макалага карсылыгым бар,оте уят .Ашып окуга уялдым .Жанадан тиркелип жаткан таныстарым ,исламды дурыс танымаган олар не ойлайды.Буны жазбасанызда билгиси келген адам билип алады.Имамдар бар соларга барып сурасын болмаса отбасы туралы китаптар коп.Уяты бардын иманы бар деген созди есте сактасаныз.Хаккимды халал етиниз артык айтсам.
    9 лет назад
  • Интернетке кирсенде алдымыздан шыгып турады.Осы сайтка киргенде рухани азык алып шыксак жаксы болар еди.
    9 лет назад
  • Аллах разы болсын Әбдіқадыр аға, өте маңызды тақырып.
    4 года назад
О блоге
Прямой эфир