Жаманның жағасы жыртық, бір қылығы артық
Жаманның жағасы жыртық, бір қылығы артық

"Жаманның жағасы жыртық, бір қылығы артық" - деген мақалдың мән-мағынасын кім қалай түсінеді екен?

Алланың өлшеп берген аз ғана ғұмырын атаққұмарлыққа, өзімшілдікке, менменшілдікке арнағандар, пайдаланып жүргендердің күнәлары кешіріле ме екен?

Бірақ әркім өзіне риза ғой.

Кім өзін жаманмын дейді дейсіз.

Өзіне жақсы болғанымен өзін қоршаған ортаға не берді? Не  беріп жүр?  Осыны бірсәтойлады ма екен? Жоқ! Ойлағансынады. Намазымды оқып жүрмін,деп те адасып жүрміз-ау деймін. Соңғы рет кімге қандай жақсылық жасадыңыз? Егер жасамаңыз ойды түзеңіз. Егер жасасаңыз, онда сол  жақсылығыңызды не үшін жасағаныңызды түсіндіріп беріңізші.

Ойды түзеңіз.

Істеген жақсылығыңызды масаттана жариялаудан қандай ләзат аласыз? Адасқан жоқсыз ба? Істеген жақсылығыңызды бір секундта жоққа шығарғаныңызды білмей қалдыңыз. Астағфиралла. Жоқ ешкім өзін асып кеттім,артық кеттім демейді. Әркім өзіне риза!

Бір таныс інішек маған қоңырау шалып кабинетіне келіп кетуін сұрады. Ағасы болып ақылымды айтып тұрғаннан басқа ешқандай байланысым жоқ. Тек жас кезінде спортқа баулығаным болмаса. Елгезек те аңғал қазақтың бірімін ғой, жетіп бардым бар жұмысымды тастап. Кабинетінде маған бейтаныс екі адамға өз жетістігін, қалай қиындықпен осы орынға жеткенін айтып отыр екен. Біраз адамдарға көмектескенін айтып та өтті. Не үшін шақырғанын айтпай-ақ қояйын, бірақ ақкөңіл інішегімнің де осындай пендешілігі асқақтап кеткендігі жаныма қатты батты. Ол өзіне риза! Жақсылығын қолынан келгенше аямайтынын білетінмін. Дегенменде бүкіл жақсылығын осылай бір секундта шайып жібергеніне қынжылдым. Жас қой әлі деп өзімді жұбатып алдадым.

Айтпағым, жасап жүрген ізгі істеріңізді, жақсылықтарыңызды айтуды тоқтатыңыз. Оның бәрін жасатып отырған Жаратушы бір Аллаһ Тағала! Өзіңізді де алдамаңыз, өзгені де алдамаңы. менменшілдігіңіз барма, пендешілік болады, бірақуақытында жөнге келіңіз. Сіз ешкімнен кем не артық емессіз. Бәріміз де сондай. Алла разы болсын ізгі-нетті амалдарымызға! Әйтпесе "жаманның жағасы жыртық, бір қылығы артық" екенімізді дәлелдеп, осы мақалды өмірлік жолдасымыз етіп алмайық.

Алла сақтасын адасудан!

Алла Ұлық!

Кеішіре гөр О, Аллам! 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 4680
2 комментария
  • Йа расымен де,не нəрсеге қолымыз жетсе де,бəрі Алладан,Алланың берген он екі мүшесі,Алла берген су-ауа,Алла берген тағы бір жаңа күнге жетіп отырмыз!
    9 лет назад
    • Пендешілікке беріліп Алланың сыйына өз қолымен жеткендей кеуде соққанның тәубасына келгенін тілеймін. Ол да мұсылман бауырымғой өйткені! Аллаһ Тағала Аса Мейірімді де Рахымды!
      9 лет назад
О блоге