Жалғыз қалғанда...
Жалғыз қалғанда...

Осы сіз бір бөлмеде жалғыз қалғанда не ойлайсыз?  

Сіздің ойыңызды білмедім, бірақ менің ойыма келмейтін нәрсе жоқ. Бұл жалғаннан озған ардақты ата-анам, жалпы бақилық болған (Алла ол кісілерге разы болсын!) танитындардың бәрін еске аламын. Күлемін, көңілім босап та алады. Сағынамын! Жұмақ бағында жүргендерін көз алдыма елестетіп "Әмин!", "Аллаһу Акбар!"деп күбірлеп отырамын. Қартайғандық емес Аллама жақындағанның белгісі екені деп шүкіршілік етемін. Тәуба! Мен қатарлы қаншама құрдастарымның әлі де сәждеге бармағанын көріп жүрмін. Оларға айтып , шамам келгенше түсіндіріп жүрмін. Есейсекте орта тәрбиесі қақайып қанға сіңіп кеткен соң ба, азғырушының шылбырынан босай алар емес-ті. "Намаз оқы" депсыпайы түрде айтсам мені жақтырмайтындары да бар, Астағфиралла! Алла ол кісілерді кешіре гөр! Жалпы, кім болса да, жалғыз қалғанда "Осы мен қалай пайда болдым?" деп өзінің дамуын білгісі келмесе де "ертең өлген соң қайда барамын?" деген ой келетіні ақиқат қой,соған мәнберсе ғой деймін. Деймін, оларды сөккеннен емес, олардың да ертеңгі өмірде жәннаттық болуын қалаймын!

Жалғыз қалғанда, біріматериалдықмәселені ойлап, жоспарлап, қиялданып отырады. Келесі бірі тән рахаты мен сұлулығына ерекше мән беріп құмарына қанбай жатады.Үшінші бірі ұйықтайды. Төсекте жастығын құшақтап жатқанды ұнатады. 

Мен жалғыз қалғанда Аллаға құлшылық жасауды ұмытпайтын болдым! Машаллаһ! Сонымен қатар жалғыз қалғанда үй тіршілігімен қатар туыстарыммен хабарласамын. Достарымды да ұмытпаймын. Аман-саулықтарын білген соң қош айтысып өзімнің кәсіби шебрлігімді шыңдау мақсатында кітап оқимын, ізденемін! Шүкір! Ислам.кз сайтындағы материалдарды оқып пікір жазамын, өмірлік тәжірибемді, көргенімді, білгенімді жастарға тәрбие болсын деп қысқаша шимақтаймын! Аллаға шексіз шүкір! 

Ең бастысы,жалғыз қалғанда Аллаға құлшылықты жасау керек!

Сіз де бөлісе отырыңыз құрметті оқырман,жалғызқалғанда не істейсіз? Менің де  сіздерден үйренерім,оқитыным көп!  

Алла разы болсын! Аллаһу Акбар!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 6411
7 комментариев
  • Шынымды айтсам жалғыз қалудан қорқатын сияқтымын,дегенмен қалатын кездерім болады,жаман ойлар мазалайды,сол ойларға батып кетпей тұрғанда деп үйде бірнəрсе жинап алданғанды жөн көрем,шабытым ашылып Құран да оқып алам.Бірақ сонда да жалғыз қалу мен үшін улкен сынақ.
    9 лет назад
    • Жалғыз қалған адам ғана мына жалғанның Алланың біз үшін берген сынағы екенін шынайы сезінетін сәті. Алламен тілдесу уақыты. Аллаға құлшылық жасап, оның рахымына ие болу мүмкіндігі... Жалғыз қалу арқылы қайғы мұңға салынып тұйыққа бату емес. Жалғыз қалу тәубаға келу сын сағаты...
      Алла Аса Рахымды да Мейірімді! Аллаһу Акбар!
      9 лет назад
  • Осы бұрын жалғыз қалудан, жалғыздықтан қорқатын едім. Ал қазір неге екенін қорықпаймын. Қайта жалғыз қалған ұнап та жүр. Бұл бірақ дұрыс емес сияқты.
    9 лет назад
  • "Адамның жалғыз қалғанда ойлайтын нәрсесі - оның рухани дәрежесін білдіреді"
    9 лет назад
  • жалғыздықтан қорықпаймын, бірақ. үйге сыймай кетемін, не кітап оқи алмаймын, не компьюетр ұарай алмаймын, не телевизорға зауқым болмайды, қасымда біреу болғаны жақсы
    9 лет назад
  • Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Қасыңда екіжүзді, сатқын, сенімсіз, сөзің жараспайтын адамнан гөрі жалғыз болған жақсы ма деп қалдым. Менің жеке пікірім.
    9 лет назад
  • Ассаляму алейкум. Мен жалғыз қалғанды ұнатамын. Көп нəрсені ой елегінен өткізіп. Не істегендерімді есепке аламын. Құлшылықта болып Раббымма жақындай түсетіндеймін. Иманып толығып. Сырымды айтып. мұнымды айтып жеңілдеп қаламын. Өткен күндерімді еске аламын. Сосын жақсыдап үй жинаймын))
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир