Кондуктор - тіліміздің айнасы!
Кондуктор - тіліміздің айнасы!

Кондуктор десек көз алдымызға бірден қала ішінде қатынайтын бағыттағы автобустарда жол жүру ақысын жинайтын адамды елестетеміз. 10-шы бағыттағы автобусқа көп мінемін. Ол бағытта бірнеше автобус бар десек, әрқайсысындағы кондуктор әртүрлі деңгейде қызмет жасайды. Бірі қазақ-орыс тілдерін қатар пайдалан отырып аялдамаларды хабарлап отырса, бірі тек орысша хабарлайды.

1-ші көрініс.Бірде бір өзімнің қараторы қазақ қарындасым менен жолақысын сұрап еді, мен де қарап тұрмай неге қазақша сөйлемейтінін сұрап едім, басым бәлеге қалды. "Понаехали эти южани" деп сайрап кеп бермесі бар ма.  Осыдан соң түсініп көріңіз. Ол қазақша сөйлемегеніне намыстанбағаны бір бөлек, жершілдікке бөліп тегіс жерден қоғамда жікке бөлді. Оның сөзін жасы менен шамалы үлкен ер қазақ кісі де қолдап жікке бөлінудің көкесін көрсетсін-ай бір. Әлгі кісіге руыңыз кім деп сұрадым. Ол әрине мен южан емеспін деп жауап берді. Сабырға шақырып өзімді шалбарымның ішінен санымды шымшып тұрдым. Оразамын ғой. Мені де қолдайтын бір жігіт табылып әлгі кісіге "Аға, южпндпр деп кімді айтасыз?" деп сұрады. Ол: "шымкентксие, джамбулские, кзылординские, алматинские деп санап берді. Әлгі қазақ жігіт : Ал, мен россиялық қазақпын, сонда сіз де южан емессіз бе россия үшін" деп "сынық түймеге, қисық ине" тәсілінде сұрады. Әлгі ағамыз: "Жоқ, біз северянбыз"  деді. Автобус іші у-шу, айтыс-тартысқа ұласып кетті. Сонда жас жігіт ағамыздың жеңінен ұстап: "Мен полиция қызметкерімін, екінші рет осылай жікке бөлгеніңді естісем темір тордың арғы бетінен бір-ақ шығарамын", деп еді ағамыз басын бұғып алып есіктен асығыс шығып кетті. Кондуктор болса аяқ асты жібіп, қазақ тілінде "сайрап" кетті. Есімін сұрап едім сыпайы түрде Клава деп қалды да Гүлбаршын деп шынын айтты. Ұялды-ау деймін. Әлде ортаға қарай амалсыз әрекеті болды ма оны бір Аллаһ Тағала біледі...

2-ші көрініс. Тағы бірде басқа 10-шы автобусқа міндім. Кондуктор жол ақы жинап билетін беріп келеді. Алдымда тұрған орысша сөйлеп тұрған екі қазақ емес ұлттың екі өкіліне "Жолақы төлеңіздер" деді. Олар үнсіз теңгелерін беріп билетін алды.  Біреуінің арқасында дорбасы бар екен, соны "Қолыңызға ұстап тұрыңыз басқа жолаушыларға кедергі жасауда" деп еді, әлгі адам: "Че, не понял?" деп жақтырмады. Кондуктор: "Сіз Қазақстан азаматысыз ба?, "Қазақ тілін білуіңіз міндетіңіз" деп әлгіні тәрбиелесін кеп. Анау не дерін білмей тұрғанда, басқа жолаушы: "Я русский по национальности, бірақ мен қазақша түсінемін" деп екі-үш секундтай үндемей қалды. Автобус ішіндегілер де не болар екен дегендей үнсіздікпен тосыңқырап қалды да гу етіп күліп жіберді. Әлгі "че" деген пенде қызарақтап "Извините, мне стыдно" деп шын ұялды. Кондуктор қатал кісі екен: "Рахмет саған ұялғаныңа, әйтпесе өзіміздің қазақтар бар сіз секілді ұялуды білмейтін" деп жан-жағына көзбен атып. Бәрі бітті-ау дегеніміз сол еді бір "оралман" бауырымыз, қытайша акцентпен: "Қазақстанда қазақтарымыздың  орыс болып кеткен" деп қойып қалды. Бауырымыздың бұл сөзін бір қылжақбас жолаушы: "Қазақша үйрену үшін онда біз Қытайға барып тұрып келейік" деп еді автобус ішін топан күлкі алып кетті. 

Жалпы ортаны бұзатын бірең-сараң "қисық-қыңырлар" болмаса жалпы қазақтар секілді кең де бауырмал, дана да білімді, тілдік қоры орасан. шешен сөйлейтін ұлттар көп болса әлемде татулық пен тыныштық болар еді деп ой түйіндедім, Ма ша Аллаһ!

Аллаһ Тағала Қазаққа бәрін берген. Тәуба! Ұрыс-керіс, жанжалдар тек біз де ғана болмаған, тіл-көз тимесін! Алланың нұры төгілен елміз! Алласын сүйген ұлтпыз! Уақыт өте келе  намаз оқығысы келмейтін "тәңіршілдер" мен ермелер, жалқаулар, адасқандар мен шатасқандар, мастар мен қастардың пейілі түзеліп, ниеті артып тілдерін кәлимаға келтіріп сәждеге маңдайын тигізетініне үмітпен қараймын.  

Сөз соңында, Уикипедияның қазақ тілі нұсқасында аз мәлімет бар екен, сондықтан орыс тіліндегі нұсқасындағыны ұсынып отырмын. Кондуктор сөзі туралы былай деп жазыпты:

Кондуктор (лат. conductor «наниматель, предприниматель, подрядчик»):

  • Конду́ктор (проводник) — работник общественного транспорта, сопровождающий пассажирский вагон в пути и обслуживающий пассажиров.
  • Кондукто́р — воинское звание в русском дореволюционном ВМФ, присваивавшееся унтер-офицерам.
  • Кондуктор — воинское звание, присваивавшееся чертёжникам и художникам в главных, окружных и полевых инженерных управлениях.
  • Кондуктор — в машиностроении, одна из разновидностей станочных приспособлений, применяемая при обработке отверстий на сверлильном или фрезерном станке.
  • Кондуктор характера — целое число, сопоставляемое характеру некоторого представления группы Галуа конечного расширения локальных полей.
  • Кондуктор целого замыкания — идеал целостного коммутативного кольца с определёнными свойствами.
Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 4721
1 комментарий
  • Өте қызық екен!біз жақында жұмыс бабымен Орал қаласынс көшіп келдік.мұнда бəрі орысша дегесін кіммен қалай сөйлесерімізді де білмей алғашында біраз абдырап қалғанбыз.өзіме де ренжимін өз Отанымда мен неге ана тілімде сөйлеуге қысылады екенмін.Одан да басқалар шаңыраққа қарап Қазақша білмегеніне ұялсын
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир