Мен "мен" дейтіндей адаммын
Мен "мен" дейтіндей адаммын

Қоғам, орта дегеніміз не?

Неге қоғамды, ортамызды түзей алмаймыз?

Неге ортаға қарап құлдық санамызды одан бетер құл ете береміз?

Қазіргі ортамыз ақшамен, қызметпен, танымалдылықпен бағалануда, неге?

Білімдіміз, көзіміз ашық деп өзімізді өзіміз  алдаймыз. Неге?

Ел ішінде ұяң мінезді азаматтар өте көп. Неге солардың өмірі туралы ашық жазбаймыз? Неге осындай қарапайым адамның өмірі туралы кино түсірмейді? Неге деген шексіз сұрақтар көп кездеседі.

Мен "мен" дейтіндей мінездеме бар ма бойымызда? Орта дегеніміз тобыр емес пе? Мен сол тобырдың "мені"мін...

Бірігіп, пікір бөлісіп, сабыр сақтап, "Ұлы мақсаттарға жету" туралы әңгімелессек деймін. 

 Түсінгім келеді. 

Алла разы болсын!

 

 

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 3503
2 комментария
  • Қайыры жоқ, баянсыз, нəпсінің жетегіне ерген, осы жалған өмірдегі менмендік жөнінде айттыңыз ау. Аса үлкен істі атқармасада, Аллаға да, адамға да жағымды, кішкентай ісімен сүйкімді, сабырлы, барға қанағат ететін, сонысымен екі дүниеде сауап табатын, ұяң мінезді кісілерді неге дəріптемейміз дейсіз бе.
    9 лет назад
    • Әлбетте! Менмендіктің де шегіне жеттік-ау. Ғылым мен техниканың шарықтау биігіне жеткен кезде, ақпараттың бей-берекет уақытында, ақ пен қараны ажырата алатын кезде, санамызда сол баянсыз нәпсіні бірінші орынға қойдық. Небір дара туған ғұламалар жазды, түсіндірді ненің дұрыс, ненің дұрыс еместігін. Небір дара туған жетекшілер өтті, бар да. Олар жол көрсетіп те жүр. Бірақ тыңдайтын құлақ жоқ. Санамызды тұрмыс билеп кетті. Ал тұрмыс сіздің имандылығыңызды "қызықтырмайды да". Үлкен тақырып, көп талқылау керек. Көп пікір жазылу керек. Соның ішінен біршешімі табылары ақиқат. Пікір алмасайық ағайын! Алла разы болсын!
      9 лет назад
О блоге
Прямой эфир