Сағыныш
Сағыныш

Осы сіз жұмыстан шаршап келгенде үйде қалай демаласыз? Мен кеше үйге түннің ортасынан ауғанда келдім. Жұмыс. Жұмыстан соң бірден қонақтықта бардым. Курстасыммен әңгімелесіп жастық шақтың қызығын айтып шер тарқатып демалып келдім десем де болады. Содан үйге келдім. Табалдырықтан аттағаным сол еді кішкентай қызым мен ұлым алдымнан жүгіріп шығып құшақтап еркелеп жатты. Сағынып қалыпты. Қызым аяқ киімімді орнына қойып, ұлым "кебісімді" әкеліп беріп аяғыма кигізіп зыр жүгіріп жүр. Машаллаһ! Аллаға шексіз шүкір! Күнде үйге сағынып келетін мен дәл бүгінгі күні балаларымды сағынуға мұршам болмапты. 

Аналары дәрігерге барып жүрген соң ерте жатып қалған еді емін қабылдап. Сондықтан мен екеуін екі жағыма алып ұйықтаттым. Екеуінің де қолдары менің мойнымда. Сағыныштарын баса алар емес. Мен де елжіреп кетіп қозғалыссыз жаттым олар тәтті ұйқыға кеткенше. Алла разы болсын!

Жақын адамыңның сағынышын білу бір бөлек те оны сезіне білу мүлдем бөлек, ерекше болады екен. Арман қуып, қиял қуып, балаларым үшін деп жұмысбасты болып кетіп негізгі өмір мәнісін жәймен ұмытып кетіп қалады екенбіз. Алланың бізге берген аманатының бірі ғой деймін сағыныш деген.  Айтпағым барлығыңыздың да үйлеріңізде, төңірегіңізде сіз сағынатын, сізді сағынатын жандар көп болсын дегім келеді. Аллаһу Акбар! 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 4749
3 комментария
О блоге
Прямой эфир