Сілтемеден пікірге
Сілтемеден пікірге

Ұлтымыздың болашағы үшін жаны ауыратын бауырлар! Дініміз бен діліміздің қамқоршылары! Сіздерге бір өтініш айтсамдеп едім.

Интернеттен жинақтап алып ортаға салып бізбен бөлісіп жатқандарыңыз үшін дән ризалығымды білдіремін. Бірақ сол сілтемелерді жариялаумен қатар сілтемелеріңізге өз пікірлеріңізді де ортаға салып отырсаңыздар екен.. Біз де белсенділік танытсақ сол ой төңірегінде. Бұдан біз білімімізді ұштамасақ ұтылмасымыз ақиқат! Әйтпесе сілтеме жасап  жаңалықпен бөлісу шеңберінде қалып қоюдамыз. Ойымызды бөлісу арқылы орта қалыптастырамыз. Орта арқылы қоғамдық пікір қалыптасады. Тәрбиеленеді. Қоғамдық пікір арқылы Ұлттық идеология, сана, мәдениет қалыптастырамыз. Тек сілтеме жасап отырсақ, онда эгомыз артып, ортаны жоғалтып аламыз. Ұсынысымның терең мағынасын түсініп, атсалысарсыздар деп сенемін!

Аллаһ разы болсын!  Аллаһу Акбар!!!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 3932
8 комментариев
  • Аға айтқаныңызбен келісемін. Әйтпесе пікір білдіретін санаулы адамдар ғана.
    9 лет назад
  • Сосын менің байқауымша ойымызды ашық айтуға қорқамыз. Керісінше ойымызды білдіре отырсақ, қоғамдағы ойды біле отырамыз. Пікір білдірген соң әртүрлі жағдайға да дайын болу керек. Пікір бәріне бірдей ұнау міндетті емес қой.
    9 лет назад
    • Міндетті түрде ұнау міндет емес! Рас!
      Екі адам ғана пікір айтудан ада екен. Біріншісі "маған бәрібірлер", екіншісі "ана дүниелікке" аттанғандар.
      Ошақ қасында өз ортасында міңгірлеп отырғаннан гөрі кемі сол әңгіме төңірегінде сұрап отырсаң да көп нәрсені біліп отырасың. Немесе сол сұрақ төңірегінде ізденесің. Ізденген адамның сұрағы да көп болады, оқығаны мен тоқығаны да көп болады. Содан соң ой-пікірлері де көп болып қалыптасады
      9 лет назад
      • Біріншісі "маған бәрібірлер", екіншісі "ана дүниелікке" аттанғандар.- тауып айтылған сөз
        9 лет назад
  • пікір білдірмегеннен кейін ақпарат деңгейінде қалып қойған ада танымы ертең өзіне сор болып жабысады, теріс ағыдағылар қайдан шығады? іне, осындайлардан шығады
    9 лет назад
  • өазіргі жастардың жазғанына қарап отырсаң, бір реферат оқып отырғандай күй кешесің, қызықсыз, нәрсіз, өзіндік айтар ойы жоқ
    9 лет назад
  • қоғамдық формация ауысты, алдыңғы ұрпақтың санасы өзгеруі баяу жүріп жатыр, жастар алдыңғы буынға қарайды, бірыңғайды орын алған дегредация стегнацияға ұласты. қауіптісі сонда, енжарлық басып барады, білмеймін, мұның емі қандай екенін, жастар да, егде жастағылар да қарақан басының қамынан аса алмайтын дәрежеге дейін құлдырады. көпке топырақ шашудан аулақпын, десе де, дені сондай
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир