Тұңғышым
Тұңғышым

Ойда жүрген бұл ойым бойдақтар мен эгоистерге, үйдің тұңғыштары мен түңғыштан соң дүниеге келген өзім секілді жандарға арналады. 

"Тұңғышым" деген сөзді естісек бірден үйдің алғашқы перзентін көз алдымызға елестетеміз. 

Тұңғышымыз дүниеге келгенде әулет болып қуанамыз. Ауыл болып тойлаймыз. Тұңғышымыздың әрбір қимыл, іс-әрекетіне мән беріп әңгімелеп қуанып отырамыз. Ол үйленіп өз "арбасын өзі сүйреп" кеткенше көзден таса болмасы анық. Есейген соң сол тұңғышымызға артынан ерген бауырларына қамқор болуды тапсырамыз. Оның жүгі ауыр. Өйткені ол  көш басында жүр. Басқаларына қарағанда тұңғыш. Соңынан ерген бауырлары тұңғыштың айтқанын істеп жүрсе олардың да жағдайы жақсарады. Өйткені қамқоршыға құрмет көрсете білетін адам ақылды жан. Тұңғыш болу оңай емес. Қисықтанбай, қыңырланбай, жақсы ой, таза ақыл, шынайы сенім бойыңа қалыптастыру бірлік пен берекеге жол ашады. Тұңғышымның айтқанын істеңдер деп басқа балаларыма жөн айтып отырамын. Қадағалаймын да. Қуанамын да егер сол бойы бірқалыпты алға ұмтылып жатса. Тұңғышым ертеңгі менің ізімді жалғастырушы. Оған құрмет маған құрмет. Маған құрмет имандылық бағында өскен ұрпақтың өзіне деген құрметі болып саналады. Тұңғышыма құрметті көрсетуші Аллаға шексіз шүкір! Алланың қалауы алғашқы сәбиімнің тұңғыш болуы. 

Түңғышым демекші бүгін сан ғасырлар бойы бабалар арманы егемен ел болған Қазақ елімнің Түңғышы, Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірімізге ағамыздың, бірімізге әкеміздің, енді бірімізге атамыздың туылғанына 75 жыл. Тұңғыштың жүгі ауыр. Біз тұңғышымызға қолқанат бола біліп, ұлтымыздың, еліміздің бірлігі мен берекесін арттырайық! Денсаулығы мықты,өмір жасы ұзақ болғай. Әлемдік сахнада Қазақты құрмет тұтатын дәрежеге жетеміз деп жетекшілік етіп келе жатқан істеріне табыс тілейік. Біз болып қолдап жүрейік! Алланың Нұры жаусын! Алла разы болсын! 

Менің тұңғышымның есімін Нұрсұлтан. СССР кезінде-ақ Елбасымыздың Қазақстанның болашаққа жетелеуші лидер екенін біліп Ол кісіге деген Құрметіміз ерекше болды. Сол сенім мен сыйластықретінде тұңғышымның есімін Елбасының құрметіне қойғанмын.  Ол 25-ке толды биыл. Лидерлік қасиеті бар, Аллаға шүкір! Ең бастысы иманы жақсы, Машаллаһ! Тұңғышым ғой.

Сабырлы болайық! Бір-бірімізге құрметпен қарап, сыйласып жүрейік. Алла бұйыртса,  Қазақ еліміз әлемге Үлгі болар Тұңғыш та Мәңгі ел болсын! Әмин!!!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 6400
4 комментария
  • Елимиз аман, журтымыз тыныш болсын.
    Ия тунгыш болу онай емес, артындагы ул мен кыз саган карап бой тузейди екен.
    Тунгыш деген статуска сай келу керек. Атан-анан саган тунгышы болган сон, ари кемпир-шалдын кызы немесе баласы деп саган баласындай емес досындай карап жауапкершиликти арттыра туседи.
    9 лет назад
    • Бәрекелді! Алла разы болсын! Сіз тұңғышысы болсаңыз үлкен құрмет болсын әрқашан!
      Мен кенжесімін, ата-анамның еркесі. Алла ол кісілерге разы болсын! Үлкендерге, оның үстіне тұңғышымызға дегенқұрметім зор үлкен! Әкеміздей көреміз әлі де...
      9 лет назад
  • Еліміз үшін, халқымыз үшін, елбасымыз үшін көп-көп дұға етейік! Қазір оған өте мұқтаж жағдайдамыз. Үлкен мемлекеттерде бір қалаға-ақ сыйып кететіндей санымыз өте аз. Сол аз халқымыздың өзі дін жағынан бір бөлек, тіл жағынан бір бөлек, өмір салты жағынан тағы бір бөлек көптеген топтарға бөлініп, бір-бірін төменсіп, сынап-мінеп жүргені жүрекке қаяу салады, қатты батады. Бұлай жалғаса берсе, дұшпандарымыз еліміздің түбіне жету қаупі әбден ықтимал. Аллаһ сақтасын! Сақтай алатын, қорғай алатын тек қана Жаратушымыз ғой! Сондықтан Одан медет тілеп әрдайым дұға етейік!
    9 лет назад
О блоге