Мен, сен және нан (жалғасы бар)
"Мен" - физикалық тұрғыдан қарасам белгілі бір шамадағы кеудемде жаным бар бір тіршілік иесімін. Сен ше? Сен де сондайсың. Ал, нан осы аталмыш тіршілік иесінің Алла өлшеп берген өмірінің тіршілік көзі. Енді осыларға жеке тоқталып өтуді ұйғардым. Мен өмірде жолым болған адаммын. Денім сау, байлықтың ортасында шалқып өстім, не киемін, не жеймін деген сұрақ мүлдем болмады. Нанның неше түрін жедім. Ал сен ше? Ылғи маған жәутеңдеп менің жейтін нанымнан дәмеленіп жүретін едің. Бір түйірін бөліп берсем сен оны үйіңдегіліерге, ауылдағыларға айтып мақтанасың. Ол сен. Ал мен үшін ол нан қызық емес-тін....