Күйеуі разы болған күйде жан тапсырған әйел жаннаттық Аллаһ Тағала ер мен әйелді бір-біріне көмекші, демеуші, өмірлерінің соңына дейінгі біріне-бірі жолдас болуды әмір ете отырып жаратты. Ері әйелін ренжітпеуді, әйелі ерін сыйлауды Ұлы Жаратушымыз тағы да қалапты. Олардан қаншама мың ұрпақты Жер бетіне таратты. Ұлы сөздің ұяты жоқ демекші, ер мен әйелдің арасында некеленіп барып төсек қатынасы болуы заңды құбылыс. Кейбір ерлі-зайыптылар сол төсек қатынасын ерте бастан шектеп қояды екен. Мұндай құбылыс бір немесе екі баласы бар отауларда жиі кездеседі. Кейде мұндай жайтты үйленген үлкендеу...