Бокс - қатыгез спорт түріне жата ма?
Бокс - қатыгез спорт түріне жата ма?

Жүгірудің өзі де қатыгез спорт түріне жатады егер жүгіруді білмесең.

Бірақ бокстың олимпиадалық түрі өнер, кәсіби түрі қатыгездеу болады. Бірақ ол өнер ме, қатыгез спорт па өзіңіз айтарсыз. 

Оған дәлел мына нокауттар: 

 
немесе мына сілтемеден көріңіз http://rutube.ru/video/236f1141c272a0a32f4fd7a0255e46db/

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 жыл бұрын 9319
36 пікір
  • еріккендердің ермегі, бата тимей қата тиіп адам мерт болуы мүмкін, пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұсылман тілімен де, қол-аяғымен де біреуге зиянын тьигізбесін деген мағынаға саятын өсиетін еске алса, бұл спорт түрі харам болып табылады.
    9 жыл бұрын
  • бұл жолы да өте орынды мәселе көтеріп отырсыз
    9 жыл бұрын
  • С.а. Саттар бро, сиз ненин харам ненин адал екенин патуа беретин дарежедеги адамсыз ба? Харам болса муфтият патуа неге шыгармаган, казак боксшыларына харам деп запрет койсын да, намазхан боксшылармыз коп кой. Еркек адам барине дайын болу керек, омирде ар турли жагдай болады, жануясын, Отанын коргауда осындай машык керек емес пе. Дурысы Аллахка малим.
    9 жыл бұрын
  • біріншіден, бұл пәтуа емес, өзің айтпақшы, пікірім, екіншіден, менің пәтуа беретін құзыретім жоқ, үшіншіден, үстірт қабылдамай, асығыс шешім қабылдамау керек,
    9 жыл бұрын
  • Жазганынды карап шык бир, -"бұл спорт түрі харам болып табылады." деп жаздыныз
    9 жыл бұрын
  • қайталап айтамын, бұл пәтуа еме, бұл пікір,
    9 жыл бұрын
    • Онда деп ойлайм деген созди коса салган дурыс болады, айтпесе мен сиякты кара адамдар кате тусинип тренировакадан кетип калуымыз мумкин :)
      9 жыл бұрын
  • тырнақ астынан кір іздеу ұят болады, субһанАллаһ
    9 жыл бұрын
    • Меним тусингеним Кайрат дос бул жерди пикирталас, ой болису ушин жасады ма деп ойлайм. Нем бар сенин киринди издеп, озимдики жетип артылады
      9 жыл бұрын
  • біраз жерге барсақ та, осындай пікірталас алаңы болғаны дұрыс, ой бөлісу арқылы шындыққа бір табан жақындай түсеміз, ақиқат белгілі, бірақ оған апаратын шындық мың-сан түрлі жолда жатыр
    9 жыл бұрын
  • александар, саған бір өтінішім бар, булгаковтың "мастер и маргарита" деген романын оқып шықшы
    9 жыл бұрын
  • тағы қайталап оқып шықсаңыз, артық болмайды
    9 жыл бұрын
  • Менің бокстың екі түрі олимпиадалық және кәсібилік екенін айтып өттім. Олимпиадалық түрінде де ауыр нокаут болып жатады , бірақ өте сирек. Өйткені рингтегі төрешілер боксшылардың жарақат алмауын да жете қадағалап жүреді. Олипиадалық түрін бокс өнері деймін. Мәдениет те бар,ер азаматқа тән мінез де қалыптасады. Өз шеберлігің арқылы жеңіс тұғырына жетесің. Ең басты қағидасы "Ұту емес, қатысу" деп аталады.
    Енді кәсібилікке келсек, бұл қатыгезділіктен тұрады. Аты атап тұрғандай негізгі мамандығы, негізгі кәсібі осы бокс. Өз жанын тәуекелге қойып саналы түрде рингке шығады. Ең басты қағидасы "қайткенде де жеңу" Өйткені бұл оның өмірлік наны. Мүгедек болып қалсаң ешкімге қажетің жоқ. Егер Головкин секілді ылғи жеңіп жүрсең, онда бағың жанғаны. Бокстың кәсібитүрі өміріңді бәйгегетіккен бизнес.
    Таңдау әркімнің өз құырында..
    Саттар мен Александр Белыйдың пікіралмасуы өте дұрыс, бірақ сабырлық сақтай отырып өз білетініңізді ашылып, еркін көсіліп айтсаңыздар көп нәрсенің айңаңына жетер едік. Басқа да оқырмандар пікір алмасу "боксына" кіріп, талқылауға түсер еді. Екі азаматқа да рахмет, ойларын ашықта сыпайы жеткізе білетін. Алла разы болсын!
    9 жыл бұрын
  • Саттар аға, кешіріңіз. Болмайтын нəрсе үшін неге сонша сөз таластырамыз. Мұсылманның, соның ішінде қазағымның қандай спортпен айналысса да, ер мінезді болғанын құптаймын. Алла сақтасын, жау найзасын көрсетсе, біз жұмсақ мінез көрсетіп, тамақ жейтін шанышқы тосып тұрғанымыз жарамас. Арине, әркім өзіне ыңғайлы спорт таңдасын. Бірақ ата бабамыздың қанымен, жанымен аманат боп қалған жерімізді, отанымызды қорғау үшін қандай спорт түрімен болсын мінезді шыңдау керек.
    9 жыл бұрын
  • пас, мен берілдім, сендерден таяқ жеп қалармын
    9 жыл бұрын
  • Урра, жендик :) Жигиттер слишком серезный болудын кажети жок, cool down баримизге :)
    9 жыл бұрын
  • апырмай, қалай түсінбейсіңдер, білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар, біз қазір қай ғасырда өмір сұріп жатқанымызды ұмытып қалдыңыздар ма, мың батырыңнан бір техника артық жайпап кететін, одан да жерді қорғаудың осы заманғы озық тәсілін ойлап табыңдар, әне сенің жеріңді қорғағаның, харам нәрсеге қашанда сылтау табылады ғой, сылтауға сырық, сырыққа құрық жалғап болса да
    9 жыл бұрын
    • Осы жерде енди сеники дурыс Саттар мырза!!! Окинишке орай казактар билимге жогы шын. Билим биринши орында мен ушин, Дини жане дуниелик бирге.
      9 жыл бұрын
  • Ұлты басқа болса да, жүрегі қазақ деп соққан Илья Ильинді , Геннадиді үлгі тұтқан қанша жастарымыз рухтанып, олар жеткен жетістікке жетпесе де, намысын жанып, спортқа келген жастар өте көп. Қазыргы солГеннадилер болмаса қазақтың намысын кім оятар еді
    9 жыл бұрын
  • Жеңіу мақсат емес. Біздің жеңісіміз Аллахтың құзырында кітабымыз оң қолдан берілуі. Аға сіз де кешіоіңіз, артық кетсек. Бізден де кемшілік болар бəлкім. Бірақ қазағымның ер мінезді болғанын, сырттан ешкімнің басынбағанын қалаймын
    9 жыл бұрын
    • Алла разы болсын, өстіп, ақынға жағдай жасап отырсаңдар мен де ризамын ғой
      9 жыл бұрын
  • намысты оятудың бұдан да тиімді жолдары бар, соның ең бастысы - иманы тәрбие
    9 жыл бұрын
  • сендермен айтысамын деп отырып, шашымның жартысы ағарып кетіпті, құдая тоба
    9 жыл бұрын
  • Көке кейінгі артыңыздан ерген жастарға үлгі боп , жол көрсетіп, жөн айтып шашыңыз ағарса одан артық не бар. Сөзін айта алмайтын қарттарымыз қаншама. Сіздер секілді ағаларымыз бар да, ағалайтын інілеріңіз барда қазақ елі талай жетістікке жетіп,гүлденер əле. Соны көріп, жасарасыз
    9 жыл бұрын
  • жасым 41-ден асты, сізден үлкенмін бе, кішімін бе, ол жағын өзіңіз білесіз, неде болса, Алла разы болсын, замандас
    9 жыл бұрын
  • Шаршамаңыз, аға. Сізге денсаулық берсін Алла. Есік алдында дөңің болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Үйіңде қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең емес пе.
    9 жыл бұрын
  • Дегенмен аға екенсіз. Қой асығы демеңіз,қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға ғой, деген.
    9 жыл бұрын
  • бокс - осы заманға сай лайықталған өткен ғасырдың сарқыншағы, бокс - тағылық инстинкті оятатын шлюзы ағытылып кеткен тобырлық сананың насихаты, күмәнді нәрселердің бәрінен аулақ болған дұрыс, шоу секілді бұқаралық мәдениеттің...
    9 жыл бұрын
  • Мен ниетке байланысты деп ойлайм, агалар. Егер боксер Муxаммедали секилди Исламнын, мусылманнын атын паш ету ушин шыгып, абырой аперсе жаксы гой
    9 жыл бұрын
  • өз-өздеріңді өауіп-қатерге байламаңдар деген, ал бокста жарақат алу, тіпті мерт болу өатері өте жоғары. оны спорт түрі деп әспеттеудің қажеті жоқ, ақты - ақ, қараны - қара деу керек
    9 жыл бұрын
  • содан соң, елдің атын шығарудың жолы көп қой, мәселен, жапондар секілді озық ғылым-технологияңмен дегендей. Естеріңізде болсын, ислам кез келген күмәнді нәрсеге тосқауыл қоятын рационализм, прагматизм стержінін құрайтын дін. сонымен қатар, ең алдымен елді қорғау үшін білекті емес, жүректі шыңдайтын дін.
    9 жыл бұрын
Блог туралы