Екі құрбының әңгімесін автобуста құлағымшалып қалды, әрине еріксіз.
1-ші ару: - Бүгін жаңадан сатып алған "блузкамды" киіп келгенмін ғой. Жұмыста барлық жігіттер маған қараумен болды. С начало неудобно было, а потом приятно стало. Бүкіл внимание саған болса өіңді королева сезінеді екенсің!, - деп блузкасын сипалап қойды. Естімейін десем құлағым бар, көрмейін десем көзім бар, тыңдамайын десем басқа жерге кетіп үлгере алмадым, өйткені автобус ішінде адам көптігінен қозғала да алмайсың. Еріксіз куәгер боласың.
Екінші ару қыз сыпайылаума,әлде құрбысына қызығып, қызғанып тұрды ма білмедім, бірақ үнсіз тұрды. Оның киім киісіне де еріксізқарадым құрбысының әңгімесінен соң. Жоқ, екінші ару мемлекеттік қызметкерге лайық "еуропаша" киінген екен.
Осы кезде әріптес ағам қоңырау шалып көңілімді әлгі "блузкадан" аулақ алып кетті. Аллаһ Тағала менің ұялғанымды көріп көмегін берді де жіберді, Машаллаһ! Бұл әңгімені жазбас едім мына эксперимент жасалған бейнематериалды көрмегенде.
Еркектер оңбайды, мен оңбадым-ау деймін сол "блузкалы" аруға қарап, естіп, ойым бұзылғанына. Осындайда мектептегі бір апайымның қыздарға айтатыны бар еді "Тана көзін қыспаса, бұқа жібін үзбес" деп.
"Еркектер оңбайды!" дейсіз бе ару қыз?