Сау көз бен оның алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік тәрізді кемшіліктері – қасаң қабық пен торламаның арақашықтығына байланысты. Егер көзге күш түсірмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса, онда ол сау көз деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жақыннан көргіштікте көз алмасы ұзарып, көз бұршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондықтан жақыннан көргіш адам алыстағы нәрсені нашар кереді. Жақыннан көргіш адамдарда нәрсенің анық кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалық күшінің алдына минус (теріс) таңбасы қойылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.
Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірақ кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшық еттердің босаңсуынан. Алыстан кергіш — адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нәрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады Сондықтан торламаның өзіндегі кескін анық болмайды. Алыстан көргіштікті жасанды түзету үшін дөңес жинағыш менискілік линзалы көзілдірік киеді
Мұндай линзалар торламада нәрсенің анық кескінін алуға көмектеседі. Алыстан көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалық күші +0,5 дптр, +2 дптр және т.б.
Көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін бірқатар тәсілдер бар:
1. Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз.
2. 20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз.
3. Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз.
4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңыз да, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз.
5. Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.
6. Компьютерде немесе жұмыс орнында көзіңіз шаршағанда мынадай жаттығу жасауыңызға болады. Екі қолыңызбен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзіңізді жауып отыруыңыз керек. Көзіңіздің демалғанын сезгеннен кейін қолыңызды босатуыңызға болады.
7. Дәрумендерді көбірек пайдаланыңыз. Әсіресе көкөністер мен жемістердің құрамында көздің көру қабілетін жақсартатын дәрумендер көп болады.
8. Күн сайын қайнатылған қырық қабат жапырағын жеңіз. Күн сайынғы тамақтануда қайнатылған және шикі сәбізді және грек жаңғағын пайдаланған дұрыс.
9. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басуға болады.
Көз массажы
Жүйке мен қан айналысына жұмып тұрған көзіңізді сипау, дірілдету, қысым, алақанмен жеңіл массаж жақсы әсер береді. Ең көп тарағаны екі сұқ және орта саусақпен сегіздік бейнесінде қозғап массаж жасау. Көздің төменгі жағымен мұрынға қарай, көздің жоғарғы жағымен – қастың астымен. Мұндай қимыл 8-16 рет қайталанады.
Айжан Жамбылбай
Инфографика авторға тиесілі
материал el.kz сайтынан алынды