Күліңіз
Күліңіз

Күлкі — денсаулыққа пайдалы

Таңертең айнадан өз келбетіңізді көріп, жай ғана жымиюдың сол күнгі көңіл-күйіңізге тигізер ықпалы мол.

Күлу – адамдар қатынысының да маңызды бөлшегі екенін ұмытпаңыз. Мысалы езудегі жымиюдың өзі адамның өзіне сенімділігі, еркіндігі, достығы, мейрімділігі, ләззаты, қуанышы, келісімі, тіпті бақытын білдіреді. Ал күлкі иесінің жанына - тыныштық, жылу, деніне - саулық сыйлайды. Күлу мен жымиюдың – ашық, кең, әдемі, сыңғырлаған, әуезді және тағы басқа түрі болады.

Дана Абайдың төртінші қара сөзінде - «Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жөн шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін...» деп күлкінің маңызын атап өткен.

Ал Лев Толстой күлкіні әсемдік деп бағалап, оның 97 түрін анықтаған екен.

Адамның күлкісіне қарап оның жандүниесін де бағалаймыз. Мысалы, ашық күлкі иелері бауырмал, ақ көңіл келеді. Психология және медицина саласы мамандары күле білмеген адам депрессия мен тұйықтануға ұшырайтынын анықтаған. Осы тұста қытай даналығы «ашулы жұдырық жымиған жүзге соқтықпайды» дейді.

Ал күлу үшін біз бет пен бастың 15 бұлшықетін қимылдатады екенбіз. Сондықтан күлкі өмірді ұзартатыны да шындық.

Адам жүзіндегі күлкі бүгінде Голливуд жұлдыздарының бір «белгісіне» айналған. Сонымен қатар, өмірде сәтті, бақытты адамдарды да әдемі күлкісіз елестете алмайсыз. Дегенмен, күлкінің де шегін ұмытпаған абзал. Мәселен, орынсыз және шамадан тыс күлкінің ұяты мен зияны да мол. Қазақта мөлдір күлкі, теңгедей сыңғырлаған күміс күлкі бар. Ол сұлуларымызды одан да ажарландыра түседі. Ал халқымыздың «қыздың күлгені-өлгені, жымиғаны-күлгені» дегені қыз баласының ибасы мен ізетін көрсетеді.

"Ойын арзан, күлкі қымбат" деген тағы бар

Бірақ көңілді күлімдеп жүрсек айналамыға да қуаныш сыйлаймыз. Қуаныш сыйлау да садақа деп ойлаймын. Көңілдеріңіз көтеріңкі, күлкілеріңіз қуанышқа толсын! Аллаһ Тағала разы болсын!  

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 жыл бұрын 11197
6 пікір
Блог туралы