Қоғам, орта дегеніміз не?
Неге қоғамды, ортамызды түзей алмаймыз?
Неге ортаға қарап құлдық санамызды одан бетер құл ете береміз?
Қазіргі ортамыз ақшамен, қызметпен, танымалдылықпен бағалануда, неге?
Білімдіміз, көзіміз ашық деп өзімізді өзіміз алдаймыз. Неге?
Ел ішінде ұяң мінезді азаматтар өте көп. Неге солардың өмірі туралы ашық жазбаймыз? Неге осындай қарапайым адамның өмірі туралы кино түсірмейді? Неге деген шексіз сұрақтар көп кездеседі.
Мен "мен" дейтіндей мінездеме бар ма бойымызда? Орта дегеніміз тобыр емес пе? Мен сол тобырдың "мені"мін...
Бірігіп, пікір бөлісіп, сабыр сақтап, "Ұлы мақсаттарға жету" туралы әңгімелессек деймін.
Түсінгім келеді.
Алла разы болсын!