Мен, сен және жарнама. (1) (жалғасы бар)
Мен, сен және жарнама. (1) (жалғасы бар)

"Біреуге сүрең ұнаса, біреуге сүр ет ұнайды" дейтіндей жарнаманы әркім әртүрлі қабылдайды. Бірақ осы жарнама құдіретті күшке айналды. Жүрегімізде құдайымыз бар десекте санамызға жарнама "жұмыртқалап" мықтап орнығып алды. Дүниеге келгеннен бастап қара жерге түскенге дейін де жарнамасыз өміріміз жоқ., О дүниелік болып кетсе де жарнамадан түспей келе жатқандары қаншама десеңші. Жарнамасыз табыс таба алмаймыз. Жарнамасыз киім киіп, тамақ та іше алмаймыз. Жарнамасыз оқу оқып сапалы білім де ала алмаймыз. Сені қайдам, мен өз басым жарнамасыз жүре алмаймын. Концерт, кино, сағыз, сабын, кәмпит бәрі-бәрі жарнама, Сәбилі болып киімді қайдан аламын дегенде жарнамаға жүгінемін. Сен де. Өлігіңді шығару үшін де жарнамасыз ешкім емессің, "адамқұсап өле де алмайсың". Құлпы тас, жерленетің орның бар. Алматыда "Кеңсай" зираты бар. Ол ВИП. ВИП дегендер аса құрметті, сенен де менен де артық құрметтегі адам, "Құдайға" жақын адам."Құдай" десе де болатын адам". Міне сол ВИП "құдай" адамдарды жерлейтін зират, Зиратты әртүрлі айтамыз мола, қорым, мүрде деп. Қалай атасақта ВИП адамдарды жерлейтін орын бөлек зират барына таңдана қараймын. Түсінбеймін. Түсіне алмай келемін. Сен түсіндірші маған. Екі жоғарғы оқу орнын "қызыл" дипломмен бітірсем де, энциклопедияларды ақтарсамда осы ВИПтерді неге ВИПзиратқа жерлейтінін таба алмадым. "Кеңсай" зиратына арнайы барып аралап көрдім. Астағфиралла! Зират емес "мүзей". Мүзей емес, өнер туындысының қаласы десе артық айтпаймын.Астананың өзінде ондай скульпутарлық өнер туындылары жоқ. "Бұқа үстінде екі барыстың арқасындағы қалқанда тұрған қызды" көріп жүрміз күнде. Бұл ескерткішті де түсінбедім суретші мамандығым болсада. Иә, осындай түсініксіз ескерткіш, мүсіндік композицияны "Кеңсай" зиратындағы, өнер туындыларынан құралған "қалада", төйес зираттан таба алмайсың. Күндіз барып аралап жүргенмін. Әбден шаршадым-ау деймін. Бір ағаш саясына келіп отырдым. Астағфиралла, осы кезде белгілі де белгісіз адамдардың мүісіндеріне жан бітіп маған қарай келіп: "Бұл жер ВИП жер, кім сені ішке кіргізген? Неғып отырсың? Шық та көзіңді жоғалт біздің теріторыдан" деп дүрсе қоя бергені бар ма. Мен үстімдегі киіміме қарадым да ыңғайсызданып ұялып қалдым. Ресторанға кәстімшалбар, галстүксіз кірбізбейтін еді ілгеріде. Мен сол ресторанға галстүксіз кіріп кеткендей болғандай сезініп "кешіріңіздер" деп кері бұрылып жүгіріп кеттім. Сен барып көрші. Мен енді бармаймын. Мен ВИП емеспін. "Кеңсай" ВИПзиратынан шыға сала тізерлеп отырып Алла Тағаладан кешірім сұрап жылап отырып жалындым:

- О, құдіреті күшті Жаратқан ием Алла! Біліп-білмей істеген қателіктерім, күнәларым болса кешіре гөр! Сұрақ-жауаптан, көр азабынан, тозақ отынан сақтай гөр! ВИП болмай-ақ қояйын, маған қарапайым өзің берген жер де жетеді. Жаназамды шығарып, аялап аққа орап көмдірсең болды. Маған сол да жетеді!, - деп жалынып-жалбарындым.

Үстім топырақ, көйлегім су болып кетіпті. Терлегеннен бе, әлде көз-жасымдікі ме білмедім көйлегім су болып кеткен. Орнымнан тұрып үйге қарай кетіп бара жатыр едім алдымнан бірнеше қара мәшниелер "ЖИП"тер келе жатты. Жол шетіне тұрып қалдым. Бірден білдім "Жип"тегілер "ВИП"тер екенін. Біреуінің алдында үлкен портреті бар, гүлмен орап тастаған. Сайлауға түсіп жатқан депутаттыққа кандитаттың насихаты, жарнамасы секілді. Содан ойладым, пендешілікпен "Е-е, бүл ВИПтерге арналған ВИПжұмақ бар екен ғой деп. Айтпақшы, сен білесің бе осы "ВИПтозақ" бар ма екен ана дүниеде? (жалғасы бар)

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
10 жыл бұрын 5878
2 пікір
  • cатира сайыпқырандарының өзінің қаламына іліне бермейтін өзекті әрі тың тақырыпты арқау етіпсіз
    10 жыл бұрын
  • Сын айта білу де өнер. Мынадай сынды сирек кездестірем. Тамаша.
    10 жыл бұрын
Блог туралы