Нан және біз (жалғасы бар)
Нан және біз (жалғасы бар)

Нанның қадірін бәріміз білеміз.Шүкіршілк етеміз. Тәуба.

Тек қатты қарын ашқанда ғана. Нан асқазанға түскенше ешкімді танымаймыз. Керек десеңіз өзімізді өзіміз танымай кетеміз. Асқазанға түскен соң барып айнаға қараймыз, айналаға қарай бастаймыз.

О, тоба дейміз!

Қарын тойған соң барып қана ақыл кіре бастайды!

Саналы бола бастаймыз!

Бәрін біле бастаймыз!

Бәрін білеміз!

Біз білгішпіз!

Біз жұлдызбыз!

Біз танымалмыз!

Бізді халық сыйлайды дейміз көздерінше, сыртайнала оларды тобыр дейміз! Өйткені, олардан бізге керегі нанып бөліп бергені, Заттай емес ақшалай алғанды ұнатамыз. Нан күйінше алу біз үшін масқара. Өйткені, біз бәрінен жоғары тұрмыз ғой (Кейбір керек адамдарды есептемегенде). 

Бізден соң менге көшеміз. Бәрі сенің "өнеріңе" қарап құрмет тұтып жүрген соң сен әрине "МЕНмін" дейсің! Міндетті түрде менменшіл боласың. Болуға тиістімін дейсің. Ұят қой олай менменшіл болмасаң. Өзің қатарлы менменшілдер айтпайма "Өзіңді сорлы етіп көрсетпесеңші. Бізді де сен секілді деп ойламай ма?" деп сені менменшілдікке қайта қосады. 

Сондықтан біздің орта бөлек. Мейлі сен кедей бол, бай бол. Мен кіммін?,-деп өзіне сұрақ қоятын адам қалмай бара жатыр ма деп қорқасың. Мешітке баратын жандардың көбейгенін көріп көңілің қуіанады. Көзім көріп жүрген соң ба сол баратындардың ішінен өзімізбен қатар "Бізбіз" дегендерді көріп жүрмін. Алла біледі ғой, кейімейік дейміз. Имандылыққа жат әдет болып кетпесін. Астағфиралла деп тәубаға келеміз. Жаратушымыз көз берген соң (МашАлла!), сана берген соң (МашАлла!) әлгі "Біздерің" мешітке де "БІЗ" болып "Біздер есігінен" кіретіндерін әр "Жұма" намазында көреміз. Олар танымал, жұлдыз, атақты болған соң біз оларды бірден танимыз ғой. Біз олардан үлгі алуға тырысамыз. Балаларымызға оларды үлгі етеміз. Олар ертең о дүниеге де "Біз" болып кетеді деп сеніп жүрміз соңғы кезде (Астағфиралла)

Біз өзімізде оңып тұрғанымыз шамалы сол "Біздерді" жұлдыз етіп, атақты етіп аспанға көтеріп жіберетін. 

Осыларды көріп сен де, мен де солардың дәрежесіне жету үшін әрекет ете бастадық. Жеттік сол арманымызға! ИншАлла!,- деп еңсемізді көтеріп сөйлейтін болдық. Біз де "Бізбіз", "Менмін" дейміз. 

Бірақ...

Бірақ,  сол "біздігіміз", "менменшілдігіміз" бір уыс қара топыраққа айналып кететінін неге саналы түрде сезінбейді екенбіз? Өйткені, бұл "Біз" ғой!

Астағфиралла!

Алланың алдына барғанда не деп жауап беремін деп күнде кешірім сұрап жылаймын. Менменшілдігім үшін.

Қазір де сол нанға қарап отырмын! Алланың риздығына тәуба етіп, шексіз шүкіршілігімді айтып жылап отырмын! Алла мені жұмаққа апарса да жылайтын секілдімін. Неге? Өйткені "Бізбіз" дейтіндер, "менменшілдер" де менің қандас бауырым ғой, Мұсылман ғой. Олар да жұмаққа барса деймін ғой, пендешілікпен Алладан тілеп. 

Үстел үстінде нан жатыр. 

 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
10 жыл бұрын 4253
4 пікір
  • СүбіханАллах!
    Керемет етіп жеткізіпсіз, Аллам разы болсын! Ақыретке пайдалы ілім берсін Аллам баршамызға!
    Жұма мубарак болсын!
    10 жыл бұрын
  • Абекең суретті сөйлететін білетінмен. Сөйтсем сөзбен де сурет салады екен.
    Стол үстінде нан, сияқалам мен қылқалам жатыр.
    10 жыл бұрын
    • Орта жасқа да келіппін. Міндетім десем де болады, бірақ парызым ғой "екі жағалауға көпір" болатын. Үрпақтар сабақтастығын байланыстыратын! Аллаға шүкір! Алла разы болсын ең бастысы! Рахмет Қайреке, суретерімді терең түсінетіңіз үшін!
      10 жыл бұрын
  • бір нанның төңірегінде талай ой айттыңыз, бір тақырыпты қозғап отырып, мың мәселені көтергенсіз
    10 жыл бұрын
Блог туралы