Тағы бір таң атты...
Тағы бір таң атты...

Аллаһ Тағаланың бізге сыйлаған тағы бір таңына шексіз шүкір деп отырмын!

Бүгін не істеймін? Оянғаннан соң туындайтын сұрақ.

Біріміз жоспарлы ісімізбен, біріміз үйреншікті кәсібімізбен айналысамыз.

Біріміз үшін бұл күн сәтті күн болар, екіншіміге өнімсіз күн болады.

Бір сәби дүниеге келіп жатса, екінші біріміз бұл жалғанмен қоштасып жатамыз.

Біріміз бақыт іздеп шығамыз Екінші біріміз нанымызды қайдан табамыз деп іздеп шығамыз.

Күйкілжің өмір өз қайнаған қазанына салып қайнатып кеп жібереді.

Біріміз діннің молдасымыз, екіншіміз жынның жолдасымыз.

Бәріміз өімізге нық сенімдіміз: батырмыз, білімдіміз, беделдіміз, баймыз, бастықпыз, бейшара болсақ та байсалды боламыз.

Бірақ, Бісмілләмізді,Тәубамызды, бұл жалғанның уақытша қонағы екенімізді ұмытамыз ғой, иә...

Бұл атқан таң келесі  бір таңымыз. Алланың бізге берген тағы бір мүмкіндік таңы, күні екен...

Аллаһу Акбар!!! 

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 жыл бұрын 6361
3 пікір
Блог туралы