Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын
Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын

"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" - деген әннің танымалдығы тез артты. Тілі шықпаған балаға дейін қолын көтеріп қозғалып билеп те алады. Қарсы да емеспін, бірақ қолдай да алмаймын.

Ілгеріде ауыл көшелері ерекше болатын. Әр үйдің алдында ұзын тақтайдан жасалған орындықтар болатын. Түске дейін шыжыған ыстықта сол тақтай орындық астына басын тығып өріске кетпеген қозы-лақтар тұратын. Түс ауа бере ол жерге түсте ұйқысы келмеген балалар отыратын. Күннің "ашуы" басыла сала, бестің шәйін ішіп алып сол орындыққа апа-аталар мал өрістен келгенше отыратын. Ал кеш түсе бойжеткен қыдар отырса, қараңғы түсе ауылдағы әскерге кететін жігіттер отыратын. Қастарында әскерден келіп жұмыс істегісі келмей жүрген ағалары мен мектептің жоғарғы класында оқитын балалар отыратын. Ересектері темекісін тұтатып еркін шексе, жастаулары солардың түтінін иіскегеніне мәз болатын. Іштерінде тартатындары да бар, бірақ ағаларының көзінше шекпейтін. Жазда ауыл керемет қой. Аспан ашық. Жұлдыздар жарқырап тұрады. Бүкіл ауыл ұйқыға енді жатқан кезде ұлыған қасқырлар секілді әлгі ауыл жастары домбыра-гитарасын сабалап әндер айтатын. Одан қалса мән-мағынасы жоқ әңгімелер айтып бар дауысымен айқайлап қарқылдап күліп отыратын. Ол кезде бұл көрініс қоғамда жат әрекет болып саналатын. Тәрбиелік мәні жоқ әндер мен қыңыр әңгімелерді расында қәзір де қабылдай қоймасы анық. Сондай қисық сөзге құмарлардың басы жиналса  айтатын әндер мен сөздерді белгілі бір ортада, құрдастар арасында айтылса білінбес еді. Бірақ өкініштісі сол, сол әңгімелер мен әндер бүгінгі күннің "жұлдыздарына" айналды. Ол кезде аспандағы жұлдыздарды санап жарысатын едік "Жеті қарақшы", "Шолпан" деп. Өткен күнді аңсағаным емес, ұрпақ санасының қалыптасуы алаңдатып, жүрегімді сыздатып жүргені еді. Экранда Бибігүл, Роза апаларымыз, Нұрғали ағаларымыз орындаған әндерден қазақ екенімізді мақтан ететіндей күш-қайрат алатын едік. Қазір экранды "дәмі" жоқ әндер мен сөз қадірін кетіргендер жаулап алғаны қынжылтады. Бүгінгі солар ертеңгі ел ағалары ұрпағына не үйретеді екен? Сондықтан экранда адамгершілік мораль қалыптастыру керек. Ұлт қалыптасыру керек. Ой ойлай алатын, үлгі алатын. Ақша мен атаққа тәрбиелеген экраннан аспандағы жұлдыздарды қадірін кетіріп жасанды жұлдыздарды көрсеткенше. 

Ойларыңызды ортаға салыңыздар. Ой бөлісе отырайық, ағайын!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 4824
6 комментариев
  • экранымыз түзу болу үшін не істеу керек?
    9 лет назад
  • бұл жолы да ондыққа дөп тигізіпсіз, астарлы сөзбен-ақ аймандай етіп ашып тастайсыз
    9 лет назад
  • Ассалаумағалейкүм,бір археологиялық қазба кезінде табылған,бәленбай уақыт болған таста,былай деп жазылған дейді:"Қазіргі ұрпақ азғындап бара жатыр",-деп,сондықтан аталарымыз айтқан:"Заманына қарай адамы"-деген...Кезінде әкеміз кішкентай кезімізде бір нәрсеге көңілі толмай ұрысқан кезінде,атам айтып отыратын,қойыңдар сондай кездеріңде өздеріңде оңдырдыңдарма-деп,сондықтан көш жүре бара түзелер,жастардың арасында ибалы,білімдісі көп,тек мына экрандағы шетел киноларын алып тастап,орнына тарихи кинолармен өзіміздің,сосын соңғы шыққан,жақсы жақсы отандық телесериалдарды араластырып жіберсе..Сосын бәленің басы тәрбиелеу құралы осы күнгі көгілдір экранмен,мектепте сабақ оқытатын ер адамша тәрбие беретін иманы бүтін бауырларымыз көп болса,ал қазірше мектептерде өңкей әйелдер сабақ береді,мамандар да айтып жатыр сол саланың,ұлдарымыз нәзіктеніп бара жатыр-,деп.
    9 лет назад
  • Уағалайкумассалам! қазіргі ұрпаққа шамам келгенше айтып, түсіндіріп жүрмін, жүргендеріміз де бар. Бірақ экран түзелмей менің әрекетім "жалғыздың үні шықпас" кейпіндемін. Менің бір ұсынысым бар: әрқайсымыз ерінбей министрліктерге, депутаттарға ресми хат жазу. Бір рет емес бірнеше рет. Е-гов сайтына да жіберейік. "Ұлттық сана" атты ғылыми-зерттеу институтын ашса. Сонда сол министрліктер, депуттар сол ҒЗИ зерттеулер нәтижесінің негізінде бір шешім шығарса.
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир