Менің атым кім?
Менің атым кім?

Есіміңіз кім? Атыңыз кім? Ныпсыңыз кім? деп қазақ құдайы қонақтан, немесе сапарлас адамнан сұрап танысып жатады. Осыған мән бергендеріңіз бар ма? Өзімді алайын, менің есімімді апам қойыпты Әбдіқадыр деп. Бірақ туу туралы құжат алу үшін (СССР кезінде) жергілікті өкімет үйіне барады ғой. Ол кезде орыс тілі мемлекеттік тіл болған соң, (қаақ тілін жою мақсатындағы шара ғой) есіміді  Әбдіқадыр деп емес Аптихадыр деп жазып беріпті. Сол СССР кезінде әскерден келе сала Әбдіқадыр деп қайта жаздырттым төрт жыл дегенде зорға. Мемлекеттік орган осы өгертулеріме күмән келтіріп, тексерулері көбейіп кетті. Сол кездегі облыстық Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (қазіргі біздің Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті) бастығы Мұстафетов мені мекемесінде күнде отырғанымды көрген соң орынбасарларынан сұраған ғой "Бұл кім?", "Не мәселемен келген?" деп. Мән жайды білген соң маған өзі келіп анықтап сұрап болған соң қарамағындағыларға үш күн ішінде бітіріп беріңдер дейді. Расында төрт жыл жүгірісім үш күнде бітті де кетті. Ескі фамилиям Хамитов болатын. Атам Сабыр Сайдахметов ОҚО Шаян ауылында мешіт медреседе ұстаздық еткені үшін 1930 жылы сталиндік репрессияға ұшырап 58-7 антисоветтік үгіт жүргізді, 58-10 диверсия ұйымдастырушы деген екі баппен ұсталып 3 жылға сотталып Карлагта атылған. Сабыр атамды 1989 жылы 16 қаңтарда ақтап алдым, оның қасында ғасы Аппақ Сайдахметов атам да бірге ақталды. Ұстаздың ұрпағын алып қалу үшін жедел басқа құжат жасап Хамитов деп ауыстырады да Отырарға көшіріп жіберген. Содан сол жерде Әбдіқадыр, яғни мен дүниеге келіппін. Әбдіқадыр бұл Абдикадыр, Абдукадыр, Абдуль Қадир деген есімдердің қазақша аталуы екен. Яғни Алланың 99 есімінің бірі "Қадыр" деп білсек "Абду" бұл құл деген мағына беретінін білдім. СССР кезінде құдай, Алланы айту саясатқа қарсы шығумен тең еді ғой. Сонда менің есімім Алланың құлы деген есім екен.Шүкір! Апам дана екен ғой! Сол кездегі Колхозбек, Тракторбек, Доқтырбек деп қойса не дер едім?. Атым ұзақ деп ренжитінмін тағы. Бала кезімде Нұрлан, Ержан, Қайрат, Мақсат, Бауыржан, Бақытжан деп неге қоймады дейтінмін. Сол кездегі ең танымал, мақтан тұтатын есімдер еді. Әр есімнің өзіндік тарихы бар. Енді "Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРмын"...

Есімдеріңіз кім болса да мәпелеп, бақыт қуанышына бөленген  ата-аналарыңыздың қойған есіімі үшін мақтан етіңіздер! Олар сіздер үшін Аллаға шүкір етті. Тәуба деді! Алла ол кісілерге разы болсын! Сіздер де өз есімдеріңіздің шығу тарихын ортаға салсаңзыздар деймін.

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 6444
6 комментариев
  • Алла разы болсын аға. Атаңызды ақтап алу, есіміңізді түзету үлкен ерлік. Ол кезде қаншама қазақ есімі бұрмаланды емес па?
    Менің сыныптасым Зарипа болудың орнына, жіберілген қатеден Зарина болып кеткен екен.
    9 лет назад
  • Сізге де Алла разы болсын!
    Расында да өз есімдерімізге мән бере бермейді екенбіз. Әріпіне дейін көңіл бөлсек деймін. Алла Тағала осы әріп арқылы да сынайды ма деген ой келеді. Бұл да ғылыми зерттеуді қажет ететін секілді.
    9 лет назад
  • Бәрекелді аға, мынауыңыз нағыз ерлік екен. Әр қазақ сіздей-ақ болсын!
    9 лет назад

  • Алла Тағала деніңізді сау қылып,кішкентайларыңызды көз тиюден,бүкіл шайтаннан және зиянды жәндіктерден сақтасын.
    9 лет назад
  • кішкентайларыңызды көз тиюден,бүкіл шайтаннан және зиянды жәндіктерден сақтасын. оригинально
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир