Автобуста
Автобуста

Автобусқа мінбейтіндер оқымасын. Өмірлеріңізге қауіпті!

Қала ішіндегі қатынайтын бағыттағы автобусқа күнде мінеміз. Күн де бір көрініс.

Бірінші, өз бағытымыздағы автобусты күтеміз тез келсе екен. деп.

Екінші, ішінде адам аз болса екен дейміз.

Үшінші, жолда кептеліс болмаса екен дейміз.

Төртінші, автобус іші таза, жағымсыз иісі болмаса дейміз.

Бесінші, кондуктор мейірімді адам болса екен дейміз.

Алтыншы, орындыққа отырсам және қасымда тартымды адам болса дейміз.

Жетінші, ...Ой , Құдайым-ай, жетінші не еді? Сіз айтыңызшы қалғанын.

Иранда автобустың бүйір-арқа есігінен тек әйелдер, ал алдыңғы есігінен тек еркектер мінеді екен дегенді естідім.

Германияда жасы үлкендерге және әйелдерге орын жиі бұйырады екен.

Жапон елінде жастар орындыққа отыруға ұялады екен.

Ал бізде үлгерген адам мініп, орындыққа отырады екен десем қатты кеткенім емес. Баршылық үлкендерді сыйлайтындар. "Еще как" сыйлайтындар.

Өзімізді өте жақсы көретініміз бар. Өзгені де жақсы көріп, сыйлаймыз дейміз. Десек те өзімізді қаншалықты жақсы көріп сыйлайтынымызды, өзгені де қалай сыйлай білетініңді білгің келсе кешкісін не таңертең апақ-сапақ кезінде қоғамдық көлікке, бағыттағы автобусқа мініңіз! Бір рет емес, бір ай бойы мініңіз. Сонда өз көзіңізге өзіңіз сенбейсіз қаншалықты өзгергеніңізді. Мәдениетіңізді, сыйласудың не екенін! Әзіл шыны аралас болса да бұл сөзім ақиқат!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 4627
3 комментария
  • Дұрыс айтасыз. Керемет жеткізіпсіз аға. Рақмет!
    9 лет назад
  • Жеке көлігімен кез келген жерге зыр етіп бара салып жүрген адамдар анда сонда қарапайым халықпен бірге автобусқа мінсе, комфортқа үйренген нəпсілеріне жақсы сабақ болар еді.
    9 лет назад
  • Шынайы жеткізіпсіз. Нақтыласақ бүгінгі күннің асқынған дерті. Жастарымыздың басым бөлігі орын бермек түгел, құлақтарына жарбиған "наушник" тағып өз бетерімен әлек. Имандылық әліппесі "Үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік" көрсетуден басталмайтын ба еді. Қаламыңыз жүрдек болғай!
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир