Тез хабарлас
Тез хабарлас

Біз пенде болған соң күнделікті күйкілжің тірліктерімізбен, кәсібімізбен, мемлекеттік не мемелекеттік емес жұмыстарымызбен таң атысымен белсене кірісіп кетеміз. Көз алдыңызға елестетіңізші, сіз жұмыспен қолыңыз тимей жатқанда бір туысыңыз, танысыңыз, жақыныңыз "Тез хабарлас" деп қалта телефоныңызға СМС келсе сіз қандай күйде боласыз? Әрине "тыныштық па екен?" деген ой келеді бірінші. Осыдан соң сіз оған қоңырау шалып жағдайды білесіз. Ал егер оған хабарласа алмасаңыз кешке дейін жұмысыңыз нәтижесіз болады. Осы біз қуанышты да, қайғыны да жететін жеріне дұрыс жеткізе аламыз ба? Бұл да бір мәселе. Бірақ айтпағым сәл өзгешелеу."Тез хабарлас" смс-і

Басымнан осындай жәйттар өте көп өтіп жатыр. Кішкентай кезіңде "тез хабарлас" десе міндетті түрде "тосынсыйды" ойлайды екенсің. Балалық кезде "тез хабарлас" десе, бір кешке, төбелеске, ойынға, шөп шабуға баруға ма деп ойлайтынбыз. Содан соңғы кезеңдердегі жастарда "тез хабарлас" десе, бірден ойыңа "жігіттік", "бой жеткендік" мәселелер бірінші ойға келетін.  Отбасын құрған соң "тез хабарлас"  десе сәбиіңіз бірден еске түседі ауырып қалды ма екен деп. Одан соң "тез хабарлас" десе, бірден "өлім" туралы ой бірінші кезде келеді екен қаласаңызда, қаламасаңызда. Сөйтіп жүріп өзіміз де бұл дүниемен қоштасып үлгере алмай өлемізде қаламыз. 

Енді өлген соң "тез хабарлас" деген смс келе ме? Жоқ. Ол кезде сіз сұрақ-жауап астында боласыз. Намаз оқыдыңыз ба?.. 

Сондықтан құрметті бауырларым "тез хабарлас" деген смс келсе "Мен Аллаһ Тағалаға құлшылығымды жасадым ба?" деген ой келсін сұмдықтарды көз алдыңызға шақыра бергенше. Аллаһ Тағала Ұлық! Аса Мейірімді де Рахымды! Аллаһу Акбар!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 3844
4 комментария
О блоге
Прямой эфир