Сабырлы болу қолыңыздан келе ме?
Сабырлы болу қолыңыздан келе ме?

Бісмілләһиді айтып іс бастаймыз, ұйықтап  оянамыз, сөйлеп әңгіме тыңдаймыз, тамақтанып қарын тойғанда мақтанамыз да. 

Бірақ осының барлығында әрекет етіп жатқанымызда сабырлы болып жүрміз бе? Мұны әрбірімідің арымыз бен Жаратушымыз ғана  біледі. 

Бір адам екінші бір адамды ақымақ етіп тұрса да сабырлық танытамыз, кейде. Бұл қой мінезді ұлтымызға тән қасиет. Ал егер сол біреу сені ақымақ етіп тұрса ат мінезімізді көрсетіп тепсінетінімізде бар.

Қазақстанда кітап оқитындар қанша пайызды құрайды? (Филология төңірегіне қатысты мамандық иелерінен:  әдебиет, журналистика, тіл саласы, драматург, сценаристер, оқу орындарындағы тіл саласы мамандарынан бөлек). Қайдам,сұрауға ұяламын. 

Өткен ауызашарда бір жас жігіттермен дастархандас болдым. Қандай оқу орнын бітіргендерін сұрамадым, бірақ ұстаздарынан естігендерін жарыса айтып отырды. (Мен өзімді көп оқығанмын деп айта алмаймын. Дегенменде бала кезімнен қолымнан кітап түспейтін жанның бірі едім, әлі де шама-шарқым келгенше оқып та жүрмін). Әлгі жастардың ынтасына тәнті болып отырдым да сабырсызданып ұлт тарихы, әдебиеті, тілі мен ділі туралы сұрақтарды ретімен қойғаныма өкініп қалдым. Олардың түсінігінше, әлде ұстадары солай үйреттіме білмедім, діни кітаптардан, әндерден басқасының білмейтін болып шықты. Мен тағы да сабырсызданып отан, ел, ұлттық намыс туралы сұрап едім, олар бәрі Алланың қолында дегендей ақыл айтты. Аллаға құлышылық әрбіріміздің міндетіміз! Жәннаттан үміттімііз! Жаратушы бізге өсіп-өнуді, жан-жақты білімді, ғалым болуды парыз еткен жоқ па? Сабыр сақтап отыруға тырысып-ақ отырдым, бірақ мына дастархандастарымның ертеңгі ұрпақ тәрбиелейтіндігін көз алдыма елестеткенде сабырсызданып тарихтан қысқаша шолу жасадым, ұлт болып тіліміздің, өз еліміздің бар болуы Алланың қалауымен емес пе деп жүздеріне қарадым...

Уахаббшы, сәлафи, иеоговолықтар және сол секілді ағым соңында жүргендер де өз қазағым, өз қандас бауырларым. Оларға жатпайтын мына жас інілерімнің, балаларымның да санасы солардікіндей "фанаттар" екенін білдім. Менің айтқандарымды құлағына да қыстырмады-ау. Көп жасқа келіп, көпті көргендей көсіліп сөйлеген інілерімнің ұрыса, қатарластарының киімдерін айыптап әжептеуір әңгіме айтқандарына жағамды ұстадым. Астағфираллаһ! Оразаның ауызашарынан гөрі санаашар дастарханына айналғандай болды. Сабырсыдығымды жеңіп бір жас үлкен ағама бата жасауын сұрап "жаңа діндәр қазақтарымның" екпінін тоқтатқандай  болдым...

Қазір ойлап отырмын сол кезде мен сабырлы болсам әлгі жастардың санасының деңгейін білмей кетер едім-ау. Енді отырысым мынау, сабырсыздығымнан болашағымыз не болады енді деп ұйқымнан айырылып Алладан кешірім сұрап.

Сіз не дейсіз? Осындайда сабырлы болу қолыңыздан келе ме?

Аллаһ  пендешілігіміді кешірсін!

Аллаһу Акбар!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 лет назад 7670
9 комментариев
  • Менің де қолымнан келмейді екен мұндайда сабырлы болу, мұғалім болған соң шығар. Жастарды тәрбиелегім келіп тұрады ( орта жасқа келіп қалдым).
    Бірақ соңғы кезде өзім де кітап оқымай кеттім.
    9 лет назад
    • Өз қатемізді мойындау арқылы тазара түсеміз. Түзеле түсеміз. Жинақаталамыз. Қажетсіз әңгімелерден аулақ боламыз. Пайдасы өте көп айта берсек.
      Рахмет Сізге Багги Кенесқызы, пікіріңізден, ұрпақ тәрбиесіндегі жанашырлығыңыздан мен де қуаттанып отырмын.
      Сіздің енді кітап оқуды қайта қолға алатыныңызға сенімдімін! Иншаллаһ!
      9 лет назад
  • өте орынды өозғалған мәселе, қазіргі жастардың көбісі интернеттен оқып алғандарынан артық білмейді. (оның өзінде оқыса), білі деңгейлері сын көтерейді, мен айтар едім, өте төмен деп. тіпті, қарап отырып, қарным ашады, олармен араласу қызықсыз болып барады, өзіндік идея айтатын жастар мүлде аз, инфатилдік сана ұшпаққа шығармайды
    9 лет назад
    • Сәке, айтып отырған инфатилдік сананың қалыптасыу тамақ рационымыздағы Роллтон, Доширак секілді тамақтардан соң сондай болып жатырғандай әсердемін. Сіздікі айыптау емес екенін оқырман түсінгені дұрыс. Бұл болашағымыз үшін алаңдау деп қабылдаңыздар!
      9 лет назад
  • Иә, сабырлы болатын да, болмайтын да өзіндік жағдайлары бар ғой...
    9 лет назад
  • Білім - әр адамға керек-ақ. Бірақ нақты қай білім?! Кімге қандай білім артық пайда әкелмек? кейбіреуді балыққа ағашқа шығуды үйреткендей қинап жүрген жоқпыз ба? Өзіңе де, өзгеге де пайдасын тигізер білім қайсы? Немесе қандай?( өзіме қойылып жауабын таппаған сұрақтар)
    9 лет назад
    • Сіздің ойыңызды түсіндім. Өте жақсы сұрақ.
      Сіз өз сүйген кәсібіңізбен айналысып жұрсіз бе? Сізөз сүйген кәсібіңізге қатысты білімалдыңыз ба?Сіз өз кәсібіңізбенайналысып жүрсеңіз қосымша қандай білім игеріп жүрсіз? Кәсібіңіз арқылы жасаған еңбегіңізді кімге арнап жүрсіз? Сол кәсіптің төңірегінде біліміңіз, тәжірибеңіз жеткідікті деп ойлайсыз ба? Және тағы тағысынсұрақтар өзінен өзі туындап жатады егер жоғарыдағы сұрақтарға зейін қойып жауап ідеп тапсаңыз. Жауап табу үшін біліміңізді ұштау керек. Жауапты өзіңіздің жалқаулығыңыздан іздемеңіз, оны өзіңіздің алға қойған мақсатыңыздан іздесеңіз таппай жатқан сұрақтар жауабы алдыңыздан күлімдеп шыға келеді.
      9 лет назад
  • Діни білім алу - парыз айн (әр адамға жеке парыз), ал дүниелік білім алу - парыз кафая (жамағаттың ішінде бірнеше адам білсе жеткілікті нәрселер, бірақ ешкім білмесе барлығы жауапты болады). Білімді осы қағидаға байланысты алуымыз керек. Бір қоғам үшін барлығының дәрігер немесе барлығының заңгер, экономист болуы міндетті емес. Бірақ ағамыз айтқандай әр адам өзінің тілін, тарихын білуі де аса қажетті нәрсе.
    9 лет назад
    • Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағала адамдарды ұлтқа, нәсілге бөліп бір-бірін танысын, білсін, бір-бірінен үйренсін деп бөлгенін білеміз. Тарихын, тілін мүмкіндігінше терең білу әрбір адамның міндеті. Әрбір кәсіп иесінің білуң азамттық, ұлтжандылық парызы. Әр ұлтиесі өзшежіресін, тарихын білу арқылы өз кәсібінде де үлкен жетістікке жетеді. Өз тарихын, тілін терең білген жанның жүрегі иман нұрына бөленеді. Өз тарихын, тілін сүйіп,терең меңгеруге талпынған жан діни және басқа да фанатизмнен аулақ болады. Дінге келу үшін бірінші Алланың бізді неге тілге, нәсілге бөліп жаратқанын меңгеру керек деймін. Дәнге келу оңай емес,оған үлкен дайындықпен келу керек. "Мен қазақпын", "мен орыспын" деген секілді псевдоұранмен кеуде ұрып фашистік сана қалыптастыру бұл өз тарихын, тілін білмегендіктен туындайды. "Менмұсылманмын", "мен шариғат қағидаттарымен жүремін басқаның қажеті жоқ" деп айтатын адамдар да шала сауатты, санасы әлі пісіп жетілмеген, тарихына, тіліне немқұрайлық танытқандардан радикалистік сана қалыптасатынын ескеруіміз керек. Қазақ елінің әрбір азаматы Қазақ тарихын, тілін білсе ол қан арқылы ұрпағына даритын болады. Содан барып біз білімді, салиқалы мүсылман еліне айналып, әлемге үлгі болар бірінші ұлт, ел боламыз. Әлем қазақтан үйренетін жағдайға жетеміз. Аула сыпыушыныңөзі жоғарғы білімді болса да өз тарихын, тілін тереңірек білуге міндетті. Өз ұлтын сүгенді Алла да сүйеді! Алла разы болсын!
      9 лет назад
О блоге