Нан, сен және мен (жалғасы бар)
Нан десе сен және мен ең қасиетті асты көз алдымызға елестетеміз. Осы нанның қадірі бар ма қазіргі уақытта? Ол туралы түсінігіміз қандай? Сен не дейсің? Мен не дейін?Оның қандай еңбекпен шыққанын айтудың өзі бөлек тақырып. Кез-келген адам, сен, қазақстандық азамат нан туралы айтқанда алдыңа жан салмайсың. Мен де сөйтемін. Яғни нанды қадірлеу керек, қастерлеу керек. нанды аяқ асты етпеу керек дейміз. Мен де айтамын, оны сен де айтасың. Өйткені мен де, сен де өте үлгілі жанбыз, бұл жағына келгенде. Ал "қарын тойғанда" ше? Ол кезде дастарханда жатқан нанның ұсақ түйірлерін "мусор" деп,...