Мен, сен және жарнама. (1) (жалғасы бар)
"Біреуге сүрең ұнаса, біреуге сүр ет ұнайды" дейтіндей жарнаманы әркім әртүрлі қабылдайды. Бірақ осы жарнама құдіретті күшке айналды. Жүрегімізде құдайымыз бар десекте санамызға жарнама "жұмыртқалап" мықтап орнығып алды. Дүниеге келгеннен бастап қара жерге түскенге дейін де жарнамасыз өміріміз жоқ., О дүниелік болып кетсе де жарнамадан түспей келе жатқандары қаншама десеңші. Жарнамасыз табыс таба алмаймыз. Жарнамасыз киім киіп, тамақ та іше алмаймыз. Жарнамасыз оқу оқып сапалы білім де ала алмаймыз. Сені қайдам, мен өз басым жарнамасыз жүре алмаймын. Концерт, кино, сағыз, сабын, кәмпит...