Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын
"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" - деген әннің танымалдығы тез артты. Тілі шықпаған балаға дейін қолын көтеріп қозғалып билеп те алады. Қарсы да емеспін, бірақ қолдай да алмаймын. Ілгеріде ауыл көшелері ерекше болатын. Әр үйдің алдында ұзын тақтайдан жасалған орындықтар болатын. Түске дейін шыжыған ыстықта сол тақтай орындық астына басын тығып өріске кетпеген қозы-лақтар тұратын. Түс ауа бере ол жерге түсте ұйқысы келмеген балалар отыратын. Күннің "ашуы" басыла сала, бестің шәйін ішіп алып сол орындыққа апа-аталар мал өрістен келгенше отыратын. Ал кеш түсе бойжеткен қыдар отырса,...