Ит деген жақсы ма, жаман ба?
Ит деген жақсы  ма, жаман ба?

Итіңнің дос болғаны жақсы,досыңның ит болғаны жаман дегенді естіп жүрмін. Бұл не, мақал ма?

Итті жеті қазынаның бірі ретінде санасақ, онда неге досты ит деп жаманатты мағынада айтамыз?

Былтыр не алдыңғы жылы жазда, Алматы қаласының темір жолында адамды құтқарған ит туралы жазылған еді газетте. Сол ит адамды құтқарамын деп өзі қаза болды. Миллиондап мысалдар келтіруге болады. Бірақ неге адамды "ит" екен деп жек көріп айтады? Сіз не дейсіз оқырман?

Фотода атақты Хатико.

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 жыл бұрын 8016
6 пікір
  • Мен де соған таңғаламын. Адамға қызмет етіп келе жатқан жаратылыстардың ішіндегі ең абзалы ит пе деймін.
    9 жыл бұрын
  • Қазақта "Ит - опа, қатын - жапа" деген мақал тағы бар.
    9 жыл бұрын
    • Қатыннан жолы болмаған бір қыңырдың мақалы емес пе екен? Әйтпесе, осындай кемсітулерді айтудың орны жоқ қой. Сол қатын біздің анамыз, қызымыз, қарындасымыз ғой. Менің айтайын дегенім мақалмәтелдерді де реттейтін уақыт жетті деп ойлаймын
      9 жыл бұрын
  • дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
    9 жыл бұрын
    • Мен де соны айтамын. Бірақ, фольклорымызды жандандыру бұл ұлтымыздың бір қалыпты дамуына, мәдениетіміз бен өнеріміздің өркендеуіне, әлемдік аренада өз брендіміздің танылуына орасан зор күші бар...
      9 жыл бұрын
  • Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) ит жайында айтқан хадисі сахих па әлде әлсіз бе?
    9 жыл бұрын
Блог туралы