Селфи жасау сәнге айналды. Қоғамдық құбылыс. Кеше "ислам мемлекеті" содырларының бірі селфи жасаймын деп АҚШ әскерінің қармағына ілініп жойқын соққы алды. Селфи жасаймын деп биік ғимаратқа шығып құлап ажалын тапты. Темір жолда селфи жасаймын деп локомотивтің астында қалды. Селфи жасаймын деп қоғамдық ортаны сыйлаудан қалып барамыз. Бүгін аялдамада бір қыздың ернін түртитіп селфи жасап жатқанын қарап еріксіз күліп тұрдым. Айналасында адамдар тұр-ау деген ой қыртына кірер емес. Кеудесін ашыңқырап қоя бастағанда мен кері бұрылып кетіп қалдым. Көзіммен күнә жасадым ба әлде басқа болды ма білмедім. Бірақ көңіл-күйім түсіп кеткені рас. Күліп тұрып жылап жібердім десем де болады. Мен не дей аламын осы кезде сол қызға? Естелікке суретке түсудің айыбы жоқ. Бірақ әр нәрсенің шегі болады емес пе. Этикасы болатын шығар. Әлде селфи еркіндік пен жасандылықтың басты қаруы болып кетті ме? Сіз не айтар едіңіз?
Селфи, селфи және селфи
|
4 пікір
-
Nurqanat BaizaqДұрыс айтасыз...9 жыл бұрын
-
Керимабев АккалиАдамдардың ермегі болып қалды, керек жерде не керек емес жерде жасалып жатыр бұл нәрсе! Әр нәрсенің пайдасын біліп соны қолдану керек деп ойлаймын!9 жыл бұрын
-
Adilbek Bayan"Қоғамдық құбылыс "деп дәл айттыңыз, Абеке. Шынымен де адам шекті білуі тиіс , қызығушылықтын топастыққа өтпеуі тиіс. Осы жылы "Оскар" сыйлығын алған " Бёрдмэн " киносында мынадай бір цитата бар :"Я пытаюсь сделать что-то важное ,важное для себя ,а не для твоих циничных друзей ,чьи единственные амбиции - это собирать ЛАЙКИ".9 жыл бұрын
-
Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРМұны да көріп-біліп айтқан ғой кино тілімен! Айқындап беріп отыр!9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.