Ораза туралы мәлімет аз...
Ораза туралы мәлімет аз...

Ассалаумағалайкум! Бүгін бір танысым: "Сізден Ораза туралы сұрақ қойсам бола ма?", - деген сұрағына көңілім бір толқып алды. Біріншіден, Оразаға ниет еткен таныстарымның қатары көбейгені. Екіншіден, Ораза туралы аз біледі екенмін, қанша оқып жүрмін десемде.. Толқыдым. Қобалжыдым. Пырт-пырт етіп маңдайымнан тер де шықты. Ораза туралы жалпы насихаттың аз екенін түсіндім. Мен ол танысыма Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасына қарасты бүкіл сайттарды есімде барын санап айтып бердім. Жамағаттар туралы сұрады. Сәлафилер, уахабиттер, құраниттер дегендер кімдер?, деп те сұрақ астына алды. Неге бар мұсылман бір ҚМДБ-ға бағынып,солардың айтқанымен жүрмейді? Дініміздің ішінде де бөлінгені несі? Мұны қатала қадағаламаса ертең балаларымыз зомби болып кетуге шақ тұр, деп те ашына айтты.

Сіздер не дейсіздер? Осы сұрақтар бойынша білген жауаптарыңыды жазсаңыздар, сілтемелеріңізді де. Алдын-ала алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!

Әбдіқадыр  Біләлұлы САБЫРӘбдіқадыр Біләлұлы САБЫР
9 жыл бұрын 6099
7 пікір
  • Мен алғаш намазға жығылғанда әріптесім әрі құрбым маған тек қана ҚМДБ бекіткен сайттардан немесе кітаптардан оқуыма кеңес берді. Басқа жаққа жоламаңыз дегенде түсінбеген едім, сөйтсем қорқынышы орынды екен. Солай azan.kz, muslim.kz сайттарын оқып, muslim.kz тегі жұма уағызын жібермей көретін болдым.
    9 жыл бұрын
  • Йа расымен де қазіргі уақытта абай болмаса адасу өте оңай.Жақындарымызға да діни басқармамен бекітілген кітаптар мен сайттарды айта жүру маңызды!
    9 жыл бұрын
  • Меніңше, ең дұрысы кітап оқу керек. Сайт материалдары адамға жеткіліксіз болатын секілді. Олар қосымша мәлімет ретінде. (Қате түсініп қалмаңыздар! Сайттарымыздың ерен еңбегін жоғары бағалаймын. Сайт ұжымына Аллаһ разы болсын!) Ал кітап арқылы негізгі білім алуға болады. Барлығы нақты, жинақы және белгілі бір тақырыпқа байланысты болғандықтан кітаптан оқыған мәліметті қорыту және есте сақтау оңайырық. Оқып отырғанда есімде түк қалмады-ау деген қорқыныш болуы мүмкін. Бірақ ондай нәрсе бекер екен. Өйткені, бір мәлімет керек болғанда немесе біреу сұрақ қойғанда бәрі де тізіліп шыға береді. Қазірге дейін бас мүфтиіміздің бастамасымен көптеген кітаптар жарық көрді. Сонымен қатар "Көкжиек" баспасының кітаптарының өзі бір төбе. Осыларды қолға алып оқи келе біліміміз де, мәліметіміз де арта түсері анық. Аллаһ Тағала бізге ілім алу жолын жеңілдетсін!
    9 жыл бұрын
    • Шынар дұрыс айтасыз, кітап ешқашан маңызын жоймайды. Шыны керек сайттар пайда болғалы, электронды кітаптар пайда болғалы кәдімгі кітапты оқымай қойдым өз басым. Электронды кітаптар көзге артық салмақ болады. Одан да кәдімгі кітап оқу керек екен.
      9 жыл бұрын
      • Йə бір жағы интернет болғасын небір азғырып тұратын жарнамалар жыпылықтап,ойыңды жинақтауға мұрща бермейтіні тағы бар!Ал кітап мəселесі басқа ғой,парақтап отырып оқығанға не жетсін!
        9 жыл бұрын
  • Надандықтан құтылудың амалы білімде. Адамдыққа талпынудың құралы кітапта. Иманыңды күшейтудің амалы намазда. Ізденген жетер мұратқа... Осының бәріне сабыр керек. Есіңізге түсіріңізші сәбилік, бала кездеріңізді. Сол кезде не жаман, не жақсы еді? Сол пәк кезіңізге қайта оралыңыз физикалық түрде мүмкін емес, санаңызбен. Міне сонда түсінесіз жақсы қаситеттеріңіздің көп екенін. Бүгінгі күнге дейін жіберген қателіктеріңізді. Ешқашан кеш емес сабырға келіп, Құарн Кәрімді оқып, сәждеге маңдайыңызды қоюға. Аллаһ Тағала Аса Мейірімді! Аса Рахымды! Аллаһ Ұлық! Аллаһу Акбар!
    9 жыл бұрын
Блог туралы