Ит деген жақсы ма, жаман ба?
Итіңнің дос болғаны жақсы,досыңның ит болғаны жаман дегенді естіп жүрмін. Бұл не, мақал ма? Итті жеті қазынаның бірі ретінде санасақ, онда неге досты ит деп жаманатты мағынада айтамыз? Былтыр не алдыңғы жылы жазда, Алматы қаласының темір жолында адамды құтқарған ит туралы жазылған еді газетте. Сол ит адамды құтқарамын деп өзі қаза болды. Миллиондап мысалдар келтіруге болады. Бірақ неге адамды "ит" екен деп жек көріп айтады? Сіз не дейсіз оқырман? Фотода атақты Хатико.